Динара Нуралиева: Ұлы Абай шығармалары менің өмірімде маңызды рөл атқарады

Динара Нуралиева: Ұлы Абай шығармалары менің өмірімде маңызды рөл атқарады

Версия для печати

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №34 орта мектебінің директоры, Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер қауымдастығының мүшесі Динара Нуралиева Ұлы Абайдың 175 жылдығы тойланып отырған жылы ұлы кемеңгердің шығармашылығына, қара сөздеріне үңіле талдау жасап, өзіндік шолу жасап отыр. Соған назар аударсақ.


Ұлы Абайдың шығармалары менің өмірімде маңызды рөл атқарады. Мен өмірімнің қай кезеңінде болмассын, қай салада жұмыс жасамасам да, әрдайым ақынның сөздерін ұстанамын.

Мен ана ретінде балаларды ұлы ақынның ұстанымына, адамгершілік пен еңбекқорлық қағидаттарына сәйкес тәрбиелеймін. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады.

Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай Отанымыздың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады.
Абай әрдайым жаңа, прогрессивті болуға ұмтылды және халқының болашағына алаңдап, оны өркениетті даму жолына түсуге шақырды. Білімді адам бола отырып, ол бірінші кезекте білім, мәдениет, озық идеялар мен ғылым қоғамның негізгі қозғаушы күші болатындығына сенімді болды. Олар өз кезегінде барлық халықтар үшін қоғамда бейбітшілік пен өзара түсіністік болған кезде ғана дами алады.

Сонымен қатар Абай Құнанбаевтың қай шығармасын алсақ та, еңбексіз қоғамға байлық пен молшылыққа жету мүмкін емес екенін үнемі ұрандата отырып, санаға құйып келді.

Абайдың айтқан және жеке мысалмен көрсеткені ұлттық санадағы өзгерістерді қамтитын рухани модернизацияның негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Бұл сананың ашықтығы, өзгертуге дайын болуды және Абайдың одан әрі дамуына мүмкіндік бермейтін өткен элементтерден бас тарту мүмкіндігін білдіреді. Әрине, білімге ұмтылу қажет, өйткені білімді адамдар барлық уақытта бағаланады, ал бүгінгі таңда жоғары білімді болу - заман талабы. Абай: «Білімге, ғылымға ұмтыл, адам болуды үйрен, халқыңа пайдалы іс жаса!» деп жастарға өз ілімін тастап кетті.

Әлемде қандай да бір жетістікке, өзі таңдаған мұратқа адам өзі жеткілікті қайрат пен жігер жұмсамай жетуі қиын екенін әлдеқайда айтып кеткен. Ғылым және білімді оқуы, өзінше ізденуі - қайрат-жігерін дұрыс пайдалана білгендігі ғой ғұлама Абайдың?!

Абайдың қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Ұлы ақынның терең мағыналы, санаға қозғау салып, ойды шымырлата түсетін тәрбиелік мәні зор қара сөздеріне тоқталғым келеді.

Абайдың қарасөздерінің жалпылық саны 45 бөліктен тұрады. Олар тақырып нысанынан бір ғана бағытта жазылмады, олар әр алуан болды. Абайдың 6, 7-ші қара сөздері қысқалау болса, кейбіреулері тақырып және мағынасы жағынан ауқымды. Абай өз қара сөздерінде туындының көркіне ғана емес, сонымен бірге оның ауқымдылығы мен мағынасына назар аударған.

Кемеңгер бірінші қара сөзінде өмірінің ендігі кезін қалай, нені кәсіп қылып өткізетіндігі туралы жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып, дін бағу, балаларды бағу сияқты амалдардың ешқайсысын ермек қыла алмайтындығын жазған. Ақыры ойлай келе, ақ қағаз мен қара сияны ермек қылып, өз ойына келген нәрселерді жазуды жөн көрді. Өзінен кейінгі ұрпаққа өсиет қалдырды: «Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ», - деп аяқтады.

Дара ақынның әрбір қара сөзі - тұнып тұрған білім, тәрбие, өнеге. Соның бірі - он жетінші қара сөзі. Ол Ғылым, Ақыл, Қайрат, Жүректің диалогінен құралған. Қайрат, ақыл, жүрек адам баласы үшін өздерінің маңыздылығын, атқаратын жұмысын айтып, әрқайсысы бірінші орынға таласып, ғылымға төрелікке келеді.

Сонда ғылым үшеуінің сөзін тыңдап, әрбірінің жақсылығын-жамандығын, пайдасын-залалын айтып, жүректің билік еткенін жөн көреді. Ақылды жақсы да, жаман да жақсы көретінін, жүректің жақсылық айтқан ақылға жаны құмар екенін, қуанышпен қарайтынын, ал жаманшылықтан жиіркенетінін айтқан. Жүректі тыңдар болсаңдар қайратыңды, яғни күш жігеріңді жақсы әрекет етуіңе атсалысады, орынсыз істерге жолатпайтынын мәлімдеген. Ғұлама осы үшеуі де адам бойында бірдей табылатын болса, содан артық қасиетті адам болмайтыны жайында айтқан.

Дана ақынның он тоғызыншы қара сөзі де жақсылардан үйреніп, жамандардан жиренуге үйретеді. Адамдар білімді есті кісілердің сөздерін ескеріп, ойына түйіп, сол түйгенінен жақсы нәрсе шығарса, жамандықтан аулақ болса, сонда ғана сол адам болады делінген. Егер де жақсы сөз айтылып, қаперіне құймаса, айтқан сөз айтылған жерінде қалып жатса, ондай адамнан шошқаның өзі артық екенін айтқан. Осыны айта келе ақын оқырмандары білімді, естілерді тыңдап өскенін қалады.

Қорыта келе айтқанда, кемеңгердің әр қара сөзін оқып мағынасын түсіне білген адамға таптырмас рухани азық. Кез келген қара сөзі тұнып тұрған білім, терең мағына, адамды еңбекқор болуға, ақылды, талапты, сауаттылыққа, діни білімді болуға шақырады. Халықтың кемшіл, жаман тұстарын талдап, сол қасиеттерден аулақ болуды өсиет еткен. Ұлы ақынның қара сөздері әрбіріміз үшін - бойымызға тәрбие, білім нәрімен сусындататын таптырмас асыл қазына. Әр сөзі - өмірдің өрнегі, тіршіліктің тынысы бола білді. Кейінгі жас ұрпақ өнегелі сөздермен нәр алып, тәлім алып, өсе берсін демекшімін. Дара ақын артына өшпес мұра қалдырды.

Абайдың сөзін қоспай ешкім ешнәрсе айта алмайды. Бұл, әрине, мәңгілік Абай мұрасының өлмейтіндігінің дәлелі.

Back to the list