Достық үйінде ҚХА еріктілері марапатталды

Достық үйінде ҚХА еріктілері марапатталды

Версия для печати

Еріктілер жылында өңірлік волонтерлерді қолдау мақсатында, 29 мамыр күні Тараз қаласы Достық үйінде марапаттау рәсімі өтті. Жамбыл облысы ҚХА "Жаңғыру Жолы" жастар қозғалысының өңірлік штабының орынбасары, облыстық ассамблея волонтерлік қозғалысының әлеуметтік бағытының үйлестірушісі Алиев Хабиб Соханалиевич, сондай-ақ штабтың екінші орынбасары және волонтерлік қозғалыстың спорттық бағыты бойынша үйлестірушісі Лигостаев Артур Михайлович және өңірлік "Жаңғыру Жолы" штабының белсенді мүшесі Заитова Сабина Тахирджонавна қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың, гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаевтың Алғыс хатымен марапатталды.


Оларға Алғыс хатты Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы табыстады.


Back to the list