Елбасының қолтаңбасы бар кітап Атырау Халықтық кітапханасына табыс етілді

Елбасының қолтаңбасы бар кітап Атырау Халықтық кітапханасына табыс етілді

Версия для печати

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кеңсесінің хатшылық меңгерушісі Асқар Молдағариновтен Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблевке арнайы хат келіп түсті.

Хатшылық меңгерушісі хатта «Былина» орыс этномәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблевке Атырау қаласында мәдениет пен ағартудың жаңа ошағына айналған Халықтық кітапхананың ашылуына зор үлес қосқаны үшін, сондай-ақ, Халықтық кітапхана оқырмандардың қызығушылығын арттыруда, әдеби мұраны сақтау және дәріптеуде игі іске қызмет ететінін айтып, алғыс білдірген.

Сонымен қатар, «Алдағы уақытта осындай өзектілігі мен қажеттілігі бар бастамаларыңызға табыс пен амандық тілей отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолтаңбасымен «Эра Независимости» кітабын жолдаймыз» делінген.

Back to the list