Еліміздің бірлігі мен қоғамдық тұрақтылығына үлес қосу – міндетіміз

Еліміздің бірлігі мен қоғамдық тұрақтылығына үлес қосу – міндетіміз

Версия для печати

Қазақстан тәуелсіздік алган алғашқы күннен бастап-ақ қоғамның тұрақтылыгы мен бірлігі мәселесіне басты назар аударылды. Онын негізгі себебі – сол тарихи кезенде елде орын алған түбегейлі өзгерістер болды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының саяси ерік- жігерінің арқасында этностық және діни қатыстылығына қарамастан, азаматтық тең құқықтылықтың нақты институционалдық тетіктері құрылып, ол сындарлы бағытта жетілдірілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы институты алғашқыда – 1995 жылы консультативтік-кеңесші орган ретінде өмірге келді.

Оны құру идеясын әрбір сөзі ақылға қонымдылығымен, санаға сіңімділігімен жұрттың жүрегінің төрінен орын алып, даналығы дара, жаратылысы бөлек, кемеңгерлігі келісті, шыбықтан шынар, шынардан мұнар болған Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтын 1992 жылы өткізілген Қазақстан халықтарының I форумында жария еткен болатын. Ол сөйлегенде жан толықта, теңіздей шалқыта қоғамға жаңа леп қоса, жаңалық жаршысы, бастамшы басшының 2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяны конституциялық мәртебесі бар мекеме ретінде бекітті.

Еліміздің бірлігі мен қоғамдық тұрақтылығына үлес қосу баршамыздың асыл міндетіміз болып саналады. Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде ұлттың бірлігі, қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығы маңызды орын алады. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең басты байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету борышымыз деп білемін. Президент өз Жолдауында елдің бірлігіне, татулығына арнайы тоқтала келе: «Қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретінде рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра білуіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның «әралуандығында», деп атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясы – Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және бүгінгі іс басындағы Президент Қасым – Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен маңызды қоғамдык-саяси шаралардың сабақтастық көрінісі болды. Сессия қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайтуды қамтамасыз етуді мұрат етті. Онда ҚХА алдына жаңа міндеттер қойылды. Сондықтан алдымызда бізді ұлттық бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі Елбасы бағдарының тұрлаулылығын қамтамасыз ету мәселелерінің барлық саласы бойынша жауапты жұмыстар күтіп тұр.

Бұл – бүгiнгi заманғы yақыт талабы. Елбасы айтқан қазipгi заман адамына қажеттi қасиеттеpдiң қай-қайсы да өте маңызды. Мұндағы ең басты мәселенiң бipi – халықтың ұлттық кодын сақтаy мәдениетi басты мұpа болмақ. Тiл, дәстүp-салт, ұлттық мiнез өзiмiзге ғана тән халықтық қасиет-құндылықтаpымызды көздiң қаpашығындай сақтап дамытy – бұл анық бағытты, айқын жоспаpды талап ететiн ұзақ меpзiмдi аyқымды жұмыстаp.

Елбасы бұл мақсатта атқаpылyға тиiстi нақты жұмыстаpдың келелi бағыттаpын да айқындап беpдi.

Елбасы ұлттық бipлiктi нығайта түсyде басқа баpлық мемлекеттiк оp- гандаpмен қатаp, Қазақстан халқы Ассамблеясының да күнделiктi, тұpақты жұмыстаp атқаpып келе жатқанын үнемi айтып келедi.

Мемлекет басшысы ақпаpаттық жұмыстаpға еpекше мән беpiп, 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының көпфyнкциялы мyльтимедиалық поpталын ашyды, «Қазақстан халқы» интеpактивтi таpихи каpтасын жасаyды тапсыpған болатын. «Ел иесi – қазақтың мемлекет құpаyшы pетiндегi айpықша pөлiн ескеpе отыpып жасалyға тиiс электpонды каpта ежелгi қазақ жеpiнде сан түpлi ұлт өкiлдеpiнiң ұйысy пpоцесiн көpнекi және толық көpсетiп беpедi. Бiлiм және ғылым министpлiгiне, ҚХА-мен бipлесiп, ғылыми негiзде осы интеpактивтi каpтаны жасап, «Алғыс айтy» күнiне оpай тұсаyын кесyдi тапсыpамын», деген едi Елбасы. Сонымен қатаp, Елбасы бизнес, шығаpмашылық және ғылыми зиялы қаyым өкiлдеpiн «Тyған жеp» жобасына қатысyға және өз аyылдастаpын қолдаy үшiн күш жұмылдыpyға да шақыpды.

Бүгінгі танда ұлттық сананы жаңғырту, Ассамблея алдындағы міндеттерді іске асыруға бағытталған ауқымды жұмыстар қарқынды жүргізіліп отыр. Осыған орай барлық өңірлерде Қоғамдық келісім мен этносаралық қаты- насты нығайтуға арналған іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді.

Елбасының 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде, жоғарыда айтылғандай, ұлтаралық келісім принципі ішкі саясаттың іргелі қағидасы десек, егер демократиялық құқықтық мемлекет құру мен дәл осындай жаңа демократиялық қоғам орнатудағы қазақстандық жолдың ерекшелігін айқындап, осы жолда Елбасы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағытты әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарынан көріну деп анықтап берді. Осы орайда біз жаңа тұрпатты қазақстандық патриотизмді қалыптастыруымыз керек. Бұл – қоғамымыздың толағай табыстарының негізін құруға алғы шарттар жасамақ. Біз қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз, бұл біздің мемлекет ретінде, қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруіміздің айнымас шарты болса, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін ұлттық арман. Бұл идея – әріберідесін ұлттың рухын асқақтатын Мәңгілік Ел идеясына апарар жол.

Ассамблея өз қызметін бастағалы бері өткен жиырма бес жылда ел өміріндегі тағдыршешті оқиғаларға белсене үн қосып, стратегиялық маңызы жоғары құжаттардың қабылдануына бастамашылдық танытып келеді. Осыдан бес жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20 сессиясы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы»: бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген тақырыппен өткен болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сессия тақырыбының өзі түсіне білген жанға терең сыр аңғартатынына назар аударғаны жұртшылықтың әлі есінде.

Бүгінде, Қазақстанның қуатты тетігі, қоғамдық келісімнің бірегей институты ретінде Ассамблея барша халықаралық қауымдастыққа үлгі болып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты әлемнің ең беделді халықаралық ұйымдары Ассамблеямен тығыз қарым-қатынас орнатып отыр.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымды, парасатты, кемел де дана, дара саясатының арқасында өзара сыйластық пен толеранттылық мәдениетін дамытудағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында әлемдік діни конфессиялар өкілдері үшін интерактивті алаң құру ұсынылған болатын. Қазір ол алаң жүзеге асып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің белсенді қызметімен әлемге танылған ұйым екенін жоғарыда айтгық. Ол – ТМД елдерінде құрылған өзінің әріптес ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықтар орнатқан. 2017 жылы Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісінің тұсаукесерін ҚХА БҰҰ штаб-пәтерінде жасағаны бүкіл халықаралық қауымдастыққа белгілі болды. Осы шарадан кейін және оған дейін де әлемнің 36 елінің өкілдері қазақстандық тәжірибені үйренуге ықылас танытты. Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі айшықты қадамдары осындай.

Қазақстандық Ахысқа түріктері қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы кезеңдегі ерлік істері мен ерен еңбегін, барлық бастамаларын толығымен қолдайды. Оның ішінде «Мәңгілік Ел» стратегиясы Қазақстан түріктеріне көптеген міндеттер жүктейді. Елбасының қазақ тілін латын графикасына өткізуі кезеңінде де қазақстандық түріктер мемлекеттік тілді латын таңбасына негіздеп біруін қолдап, шешім қабылдады. Әрбір қазақстандық түріктер жақсы түсінетін бір қағида мынау: «Егер Қазақ жерінде Қазақ елі мәңгі болса, Қазақстан түріктерінің де тілі, діні және дәстүрі мен мәдениеті де мәңгілік болады». Сондықтан әрбір қазақстандық түрік бірлікте Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне әрдайым өз үлесін қоса береді.

Қазақ тілі ел халқының басым көпшілігі болып отырған қазақ ұлтының саналық қасиеттерін арттырып, елді біріктірудін негізгі факторы екендігі айқын. Бұл – бұлтартпас қағида, оған біздің көзіміз анық жеткен.

Бүкіл Қазақстан халқы білімді, ақылды, іскер мемлекет жасаушы қазақ ұлтының төңірегіне топтаса, ұйыса түсуі керек. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдар бойы дәйекті түрде атқарып келе жатқан ауқымды істері баршылық.

Жеке өз басым қазақ тілін ана тілімненде біршама артық таза менгергендеймін. Қазақ тілінің менің рухани дамуыма, ұлттың болмысын ұғуыма, жандүниесін түсінуіме, өрісімнің кеңеуіне тигізген пайдасы мол, рухы зор.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жарасым» жастар қанаты ұйымын бірінші бастап, ұзақ уақыт төрағалық қызметін атқарып, қолымнан келгенше қазақ тілін дамытуға барынша үлесімді қосып, қазақ тілінің өрістеуне қолғабыс етуден аянбаймын!

Расул Ахметов,

Бүкіләлемдік «DATÜB» ахысқа түріктері

президентінің баспасөз-хатшысы


Back to the list