Елордалық ҚХА еріктілері демалыста қала көшелері мен аулаларды қардан тазартты

Елордалық ҚХА еріктілері демалыста қала көшелері мен аулаларды қардан тазартты

Версия для печати

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қызметкерлері мен елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері – барлығы 30 адам – қар тазалау жұмыстарын одан әрі жалғастырып, сенбілік өткізді.


Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы мен елордадағы этномәдени бірлестіктер қарттар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардың, сондай-ақ ерекше қамқорлықты қажет ететін отбасылардың тұрғын үй аулаларын, Көктал шағын ауданындағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ауласын қардан тазалап, азаматтық танытты.

Атап өту керек, елордалық ҚХА аса қамқорлықты қажет ететін тұрғындардың үй аулаларын қардан тазалауға алғашқы болып бастама көтеріп, олар бұл іске жұмыла кірісіп кетті.


«Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы әрдайым қайырымдылық істеріне белсенді атсалысып келеді. Бүгін де міне, соның айқын айғағы іспеттес, «Біз біргеміз!» атты елорданы қардан тазалауға арналған игілікті шараға бір кісідей атсалысып жатырмыз. Жалпы қалалық Ассамблея қайырымдылық істерін тиянақты дәрежеде атқарып келеді. Алдағы уақытта да игілікті жұмыстарды одан әрі жалғастыра беретін боламыз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Г. Тайгокова.

«Мен жалғыз тұрамын. Сондықтан біз сияқты егде жастағы адамға үй ауласының қалың қарын тазалау қиындық туғызатыны белгілі. Ауламды қардан тазалаған еріктілерге алғысымды білдіремін. Бұл ретте осы істі ұтымды ұйымдастырған қалалық Ассамблеяға жемісті еңбек тілеймін», – дейді Ш. Айманов көшесінің тұрғыны В. Щербакова.


Back to the list