Елордалық ҚХА Масленица мерекесіне шақырады

Елордалық ҚХА Масленица мерекесіне шақырады

Версия для печати

29 ақпанда сағат 11:00-де елордалық Достық үйінде славян халықтарының дәстүрлі «Масленица» мерекесі өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес мереке барысында елордалық этномәдени бірлестіктер ұжымдарының концерттік бағдарламалары, қызықты ойындар, дәстүрлі құймақ тағамы мен қыс мезгілін шығарып салу рәсімі күтілуде.

Мерекені ұйымдастырудағы басты мақсат - Қазақстанда тұрып жатқан этностардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарап, оны құрылымдау жолында тиянақты еңбек ету, қазақстандық мәдениетаралық үлгінің жетістігін көрсету, этносаралық келісімді және тұрақтылықты нығайту.

Back to the list