Елордалық ҚХА Қордай ауданы тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету пунктін ашты

Елордалық ҚХА Қордай ауданы тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету пунктін ашты

Версия для печати

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы игілікті істен қалыс қалмайтын елордалық тұрғындарды Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жақыныңмен бірге бол!» атты қайырымдылық акциясына белсенді қатысуға шақырады.

Жамбыл облысының Қордай ауданы тұрғындарын қолдау және оларға гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен елордамыздағы Достық үйінен азық-түлік (ұн, қант, макарон және т.б.), киім, сондай-ақ басты қажетті заттарды жинақтау пункті ашылды. Бұл қажетті заттар жинақталған бойда, Қордай ауданының елді мекендеріне жөнелтіледі. Біздің отандастарымызды түсініп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз.

Қабылдау пунктінің мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Б. Момышұлы даңғылы, 24/9

Акция күні: 2020 жылғы 10 ақпан мен 13 ақпанды қоса санағанда.

Жұмыс уақыты: 9.00-18.00

Байланыс: + 7 776 266 47 37 (Жансая), + 7 707 779 87 87 (Жомарт)


Back to the list