Астаналық ҚХА жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетті

Астаналық ҚХА жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетті

Версия для печати

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.


Елордалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынованың айтуынша, іс-шара жыл сайын меценаттардың, соның ішінде ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағаларының қатысуымен өтеді.


Биылғы жылы акция Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық іс-шаралар күнтізбесінің «Жылу» айлығы аясында өтіп, жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға материалдық және өзге де көмек көрсетуге бағытталған.


Іс-шара аясында 46 балаға киім-кешек, аяқ киім, мектептің құрал-жабдықтары таратылып, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды, сондай-ақ тәттілер үлестірілді.

Back to the list