Этнос өкілдері Елбасыға амандық тілейді

Этнос өкілдері Елбасыға амандық тілейді

Версия для печати

18 маусым күні ҚР Тұңғыш Президенті өзін өзі ошаулағаны жөнінде ақпарат тарады. Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Назарабевтың коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсеткен. Осыған орай, этнос өкілдері алаңдаушылық білдіріп, Елбасына саулық тілеген еді.


Елімізде коронвирус індетін жұқтырғандар саны күннен-күнге артып отыр. Бүгінгі ақпараттардан естуімізше, Елбасымызды да бұл індет айналып өтпепті. Бірнеше күн бұрын мемлекеттік қызметкерлерден осы вирустың белгілері табылған еді. Осының бәрін естіп, етжүрегім езіліп отыр.

Ең әуелі Тәңірден барша ауырып жатқан науқастардың сауығып кетуін тілер едім. Осы індеттен сақтанып, үйден шықпай, барлық талаптар мен ережелерді мұқият орындайық. Біз бірлессек ғана, бұл дертті жеңе аламыз! Ауырмаңыздар, аман болыңыздар!

Сарманбай Кочалиевич Сафаров,

Түркістан облысы Ахысқа түріктері

этномәдени бірлестігінің төрағасы

Бүгін ақпарат көздерінен оқып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбевтың коронавирус індетін жұқтырғанын естідім. Өкінішке қарай, бұл індет Елбасын да айналып өтпепті.


Коронавирус эпидемиясы басталғалы бері әлемде түрлі қауесеттер көбейіп кетті. Бірі індет бар десе, бірі сенбестік білдіруде. Дегенмен, сақтансан сақтайды дегендей, бірқатар өңірлерде індет жұқтырғандар қатары ережелерді елемеу салдарынан артуда. Сондықтан карантинге қатысты ел басшылығы енгізген шараларды қатаң ұстанған абзал.

Елбасымызға тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ұлт Көшбасшысы індетті жеңеді деп сенеміз. Себебі ол кісінің рухы мықты, қайта қайтпас қайсарлығы биік.

Әрине әр іс уақыт пен сабырлықты қажет етеді. Осы орайда әрбір қазақстандық азаматқа аурудың алдын алу шараларына мұқият мән берсе екен деймін. Сонда ғана біз аурудың үдей түсуіне жол бермей, бірлесіп, барлығын жеңеміз.

Қахар Дадашев,

Қызылорда облыстық өзбек этномәдени

бірлестігінің жетекшісі

Соңғы күндері короновирус инфекцияның таралуы көбеюде. Өкінішке орай біздің Тұңғыш Президентіміз Елбасымызға да бұл вирустың жұққандығы анықталды. Сонымен бірге бірқатар мемлекеттік қызметкерлер мен көптеген таныстарымның ауырып қалғандығы мені қатты алаңдатты.


Ең біріншіден мен Алладан Елбасымызға және барша емделуші отандастарымызға зор денсаулық, тез арада жазылып кетуін шың жүректен тілеймін.

Денсаулықтың құндылығын және аурулардың жойқын салдарын түсініп, бір-біріне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы ой керек. Сондықтан карантинге байланысты басшылықтын енгізген барлық шаралары өте қажетті және орынды.

Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел - құл болмайды». Сондықтан, барша қазақстандықтарды мемлекетізде жарияланған тәртіпке бой сындырып, өздерінің және жақындарын вирустан сақтауға барша мүмкіндігімен атсалысуыға шақырамын. Сақтанғанды Аллаһ сақтайды! Барша мүмкінді қолға алып сақтанып жүрейік!

Біздің халқымыздың басынан көптеген қиыншылық өткен. Бұл қиындықты да артқа тастарымызға сенімім мол. Аман сау болайық!

Шерзод Пулатов, ҚХА төрағасының орынбасары,

Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени

бірлестігінің төрағасы

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүгін де өзіңіз кірпішін қалаған Қазақстан тұғыры биік, керегесі кең, терезесі тең ел болды.

Сіз "Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз" деп жастарға үлкен сенім арттыңыз. Сіздің қолдауыңызбен жүзеге асырылып жатқан шаралардың барлығы егемен еліміздің болашағы жастар үшін екенін білеміз.

Біз, Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы "Жаңғыру жолы" жастары Сізбен біргеміз!

Әлемді жайлаған жаман ауруды жеңіп шығатыныңызға, Біз сенімдіміз!

Маңғыстау облысы ҚХА жанындағы

"Жаңғыру жолы" жастары

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қоғамның ұйымдасуына, халықаралық бірліктің нығаюына күш-жігеріңізді салдыңыз, Сіз басқарып келген еліңіз өркениетті, әлемге әйгілі, дүние жүзінде теңдесі жоқ, бұл Сіздің еңбегіңіз.


Бүгінгі күні Сіздің сауығып кетуіңізді ақ жаулықты Жамбыл облысының ҚХА жанындағы Аналар Кеңесінің мүшелері атынан тілейміз!

Қиындықтарды жеңіп, жарқын жақсылықтарға толы өміріңіз ұзақ болсын! Көшбасшылық қасиетіңізбен қатар қарапайымдылығыңыз, мейірімділігіңіз біздер үшін үлгі тұтар, көздеген мақсаттарыңыз орындалсын! Ауырмаңыз, тез сауығып кетіңіз! Біз біргеміз!

Жамбыл облысы

ҚХА жанындағы аналар Кеңесінің мүшелері

Аса Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Дүниені дүрбелеңге салған бұл дерттің Сізді айналып өтпегенін естіп көңіліміз түсті. Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы белсенділері Елбасының денсаулығына қатты алаңдаушылық білдіреді.

Нар тұлғалы азаматтың әлемді жайлаған бұл дертті жеңеріне біз жастар кәміл сенеміз және жастарға артқан үмітіңіздің ақталар күнінің куәгері болуыңызға тілекшіміз!

Қазіргі таңда Елбасының жағдайының бірқалыпты екенін естіп шын жүректен қуанып отырмыз. Тек Қазақстан емес, әлем елдері күш салып күресіп жатқанын ескерсек, індеттің емі міндетті түрде табылары анық.

Жарқын болашаққа деген сенімімізді жоғалтпай, тәуелсіз елдің тұғырын қалаған Елбасымен бірге бұл күндерді артта қалдырайық!

Біз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне күш-қуат, денсаулық және ұзақ жылдар қызмет етуін тілейміз! Жастардың сүйіспеншілігі мен мейірімі сізге күш пен батылдық береді, ауруды жеңуге көмектеседі деп шын жүректен үміттенеміз!

Жамбыл облысы

ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы

белсенділері

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемді жайлаған індетті жұқтырды деген хабар, қазақ елін селк еткізді. Қазақ Елі, Үкімет басындағы мемлекеттік қызметшілер, ақ халатты абзал жандар, барлық медициналық сақтандыру іс-шараларын қолданса да, бұл індет халқымызды бей-жай қалдырмай отыр. Халық БАҚ мен желі қолданушылардан пандемия індетін жұқтырушылардың қатарын көбейгенін күн сайын оқып біліп отыр.

Елбасы Тәуелсіз еліміздің даму мен көркеюі, әлемдік жаһандану жолында ерен еңбегімен, сарабдал саясатымен, бүкіл әлемді мойындатып, 50 елдің қатарына енгізді. Қазақ елінің абыройын асқақтатып, бүкіл дүние жүзіне паш еткізген Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың денсаулығына алаңдаған елі, бұл қиыншылықтыда жеңіп шығып, салауатты өмір салтын сақтанып, халқымен бірге, жеңіп шығатынына сенеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың деніне саулық, басына амандық тілей отыра, тезірек сауығып халқының алдына шығуына, Қобда ауданы тұрғындары мен аналар кеңесінің мүшелері, сауығып кетуіне барша қазақстандықтардың тілеуі бір екенін білдіреді. Біз біргеміз! Біз жеңеміз!

Гүлбаршын Ерғалиева,

Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы

Қобда аудандық аналар Кеңесінің төрайымы

Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Шын жүректен Сіздің амандығыңызды тілейміз!


«Нұр Отан» партиясының 18 съезінде жазиралы Жетісу өлкесі аналарының ақ тілегін арқалап барғанымда, жаныма келіп, «Көп балалы ана екенсің, жақсы сөйледің. Бақытты бол, бала-шағаңа сəлем айт!» - деп қолымды қысып, ілтипат білдіргеніңізді ешқашан ұмытпаймын. Сіздің қарапайымдылығыңызға тəнті болып, əлі күнге дейін сол ыстық ықыласыңызды айтудан еш жалыққан емеспін. Нұрсұлтан Əбішұлы Жетісудың ақ жаулықты аналарының атынан мынау дерттен аман-есен сауығып кетуіңізді Алладан тілейміз! Ауруды жеңіп, аздаған сынақтан сүрінбей өтетініңізге сеніміміз зор! Біз сізбен біргеміз!

Ғалия Ақбасова,

Алматы облысы ҚХА жанындағы аналар кеңесінің мүшесі

Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Дүниені дүр сілкіндірген короновирус індетінің Сізді айналып өтпегені – өте өкінішті.


Тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем жұрты Сіздің рухыңыздың мықты, кез келген қиындықты жеңе алатын жігерлі тұлға екеніңізді жақсы біледі. Күреске толы мазмұнды өміріңізде бұдан да ауыр жағдайларда өзіңіздің батылдығыңызды паш ете білдіңіз. Сондықтан бұл сынақты да жеңіл еңсеретініңізге сеніміміз мол. Алла бұйырса, Сіздің тез арада сауығып, 80 жылдық мерейтойыңызды бүкіл ел болып үлкен қуанышпен атап өтетінімізге кәміл сенеміз.

Шаймардан Нурумов Үсеинұлы,

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі,

республикалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы

Аса құрметті Елбасы, Тұңғыш Президентіміз, қадірменді көшбасшымыз! Жамбыл облысының ҚХА Ақсақалдар кеңесі және Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері Сізге Жаратаушыдан шапағат сұрайды.

Өзге этностарды бір шаңырақтың астында осы күнге дейін уыздай ұйытып келдіңіз, сізге деген құрметіміз, ризашылығымыз шексіз! Қазақстанымыздың өзге елдермен одақ­тастық пен стратегиялық қарым-қатынасын нығайтып, өзара дұрыс мәмілеге келіп, қауіпсіздік туралы шарттар жасасқаныңыз да халықаралық құ­ры­лымдар аясындағы өзара табысты шешімдеріңіздің жемісі!

Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында Қазақстан халқы өзге елдердің алдында еңсесі көтеріліп, халықаралық деңгейде жоғары беделге ие болды. Сондай-ақ, тұщымды идеяларыңыз мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Еуразия құр­лығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізіп, дәйекті түрде жүзеге асырылып келеді. Сіздің жасампаз және жан-жақты қызметіңіз Қазақстанды қуатты әрі тәуелсіз елге айналдырды, ал сындарлы да көреген саясатыңыз халық­аралық деңгейде жоғары бағаға болды.

Шын жүректен Сізге зор ден­саулық, бақ-береке, сергектік, күш-қуат, амандық тілейміз!

Жамбыл облысы ҚХА Ақсақалдар

және Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері

Аса құрметті Елбасымыз, Көреген Көшбасшымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы! Барлық қазақстандықтардың атынан сіздің денсулығыңызды ойлап, алаңдайтындығмызды шын жүректен жеткізгім келеді.

Талай ел басына күн туған қиын кездер мен тығырыққа тірелген сәттерде қара нардай бойыңыздағы бар күш-қуатыңызды аямай, толарсақтан саз кеше жүріп, Қазақ елін - мәңгілік елге айналдырдыңыз!

Әрқашан да халқыңызбен бірге бола білдіңіз! Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасында Қазақстандағы барлық ұлттар мен ұлыстар қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған өмір кешуде.

“Тірі адам ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұни айтқандай, ғаламды жайлаған індеттен тезірек сауығып, қабылдаған еміңіз шипалы болсын деп тілейміз! Деніңізге саулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, сіздің нұрын шашқан жылы жүзіңізбен қауышуға нәсіп етсін. Біз сізбен біргеміз!

Серікбол Құсайынұлы,

Қазақстан дүнгендері қоғамының мүшесі

Қанша берекеміз қашса да, бейқамдықтан арыла алмайтын осалдығымыз бар еді ғой. Осы бір "Covid 19" дүрбелеңі басталғалы әлдебір қаңқу сөз, алып-қашпа әңгіменің жетегінде кеткеніміз де жасырын емес. Өкінішке қарай, аңғал елдің адалдығына қарайын деп тұрған індет жоқ.


Осынау сынаққа тап келген сындарлы сәтте халқымен бірге болып, әр қазақстандықтың тағдырына жан-тәнімен алаңдаған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының осы дертке шалдыққанын естігенде, шынын айту керек, абыржып қалдым. Өз тағдырыма өнеге ретінде ықпал еткен, Әкем деп ардақтауға әбден лайық тұлғаның амандығы алаңдатады мені. Өзі жетекшілік ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен "NurOtan" партиясын жұмылдырып, дәл осы күрделі кезеңде әр шаңыраққа үміт сыйлаған тарихи тұлғаның елін сүйген пейіліне Алла жәрдемші боларына сенімдімін.
Аса мәртебелі һәм ардақты Нұрсұлтан Әбішұлы!

Мен -- Сіздің қайраткерлігіңізден елдік рух сіңіріп, Көшбасшылығыңыздан өнеге дарытқан, азаматтық қалпыңызға қарап бой түзеп, сұңғыла саясатыңыздан ой түйген ұлыңыздың бірімін. Әкеден жастай қалып, Әке қамқорлығына шөліркеп жүрген шағымда Сіздің қазақ еліне деген мейіріміңізден нәр алып, даналығыңызбен мейірлендім. Жалғыз мен емес, әр қазақстандық өз тағырына шүкірлік етсе, Сізге алғыс айтуы тиіс. Арда Алаш жұрты үшін Сіздің саулығыңыз қымбат! Тез айығып, елдің мұрат жолындағы еңселі істеріңізді жалғастыруыңызды тілейміз. Аман болыңыз, барша қазақтың ардағы! Елбасы саулығы -- Ел байлығы!

Бекзат Алтынбеков,

Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, ҚХА мүшесі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.


Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігіміз нығайып, халқымыздың жағдайының жақсаруына жол ашылды. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда бүкіл әлемге сынақ әкелген COVID-19 пандемиясы Елбасымызды да айналып өтпеді. Алайда, Елбасы халықты осы уақытқа дейін қорғай білді және қорғап келеді. Бұл оның жалпыұлттық көшбасшы екендігінің айнымас дәлелі.

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі Елбасымен бірге, оның әр шешімін қабылдап, әрдайым қолдайды. Жарқын болашағымыз үшін елін сүйген Елбасыға алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық тілейміз.

Мәди Ихтиляпов,

Қостанай облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі

Біздің Елбасы, Тұңғыш Президент, Қазақстан халқы Ассаммблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус инфекциясы анықталғанын жөнінде ақпаратпен таныстық.


Ең бірінші ой - бұл пандемияда әр адамның денсаулығы ең басты әрі құнды қазына екендігі бәріміз үшін маңызды ақиқат. Ерекше айта кету керек, біздің Елбасымыз дана мемлекет басшысы ретінде Қазақстан Республикасының беделін артты.

Осыған орай көпұлттық қоғамдағы бейбітшілік пен келісім дүниежүзілік тәжірибеде үлгі ретінде көрсетіледі. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қаншама жыл аянбай еңбек еткеннің жеңісі мен жемісі.

Біздің Елбасы, Тұңғыш Президент, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы тезірек осы сынақты арта қалдырсын дегім келеді. Бұл – бүкіл халықтың тілеуі. Біз Елбасымен біргеміз!

Әлімжан Бекмағамбетов,

Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы

ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы

Алматы қаласы өзбек ұлттық-мәдени орталығы мен өзбек этносы атынан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілейміз! Коронавирус індеті оның күшті рухы мен керемет оптимизмінен кері қайтқанын қалаймыз.

Біздің көпұлтты халқымыздың қолдауынан Елбасымыз тезірек айығады деген үміттеміз. Оның күші мен өміршеңдігі оралып, тезірек қалпына келіп, өмірдегі басты оқиғалар, жаңа жоспарлар мен жетістіктерге жету үшін, сонымен бірге алға қойған барлық мақсатты іске асыру үшін күш пен сәттілік тілейміз!

Біз барлық қиындықтарды бірге жеңеміз!

Абдулла Исматуллаев,

Алматы қаласының өзбек ұлттық-мәдени орталығының төрағасы


Н.Ә.Назарбаевтың коронавирус дертіне шалдыққаны туралы хабар жаныма қатты батты. Елбасы әрдайым денсаулық сақтау саласына басты назар аударып, республиканың барлық азаматтары үшін салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін айтып жүргенін жақсы білеміз.


Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына әрқашан ерекше ықыласпен және жылулықпен қарап, мемлекетіміздің өркендеуінің игілігін ойлады.


Сондықтан да болар, қазақстандықтар Елбасының еңбегін қашан да жоғары бағалаған! Осындай қиын жағдайда денсаулығымызды қорғап, барынша сақтанудың қажетілігі зор. Біздің Елбасымыз бұл ауруды оңай жеңетініне сенімдімін, өйткені ол егемен елді аяқтан тұрғызғанда біршама қиындықтарды халқымен бірге еңсерген мықты тұлға!

Тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін қауіп төндіріп тұрған дерттен сақтану шараларын одан сайын күшейту әрбір азаматтың парызы болсын! Елбасымыздың денсаулығының қалпына келуін тілейміз!

Динара Нұралиева,

"Жамбыл облыстық "Вынхуа" дүнгендер қауымдастығы"

қоғамдық бірлестігінің мүшесі

Back to the list