Евгений Курбатов: Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтамын

Евгений Курбатов: Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтамын

Версия для печати

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі берген сұқбатында «Этносаралық келісім – ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторы, онсыз елдің тұрақты дамуы мүмкін емес. Қазақстан, Ресей сияқты – көпұлтты мемлекет. Бұл үлкен стратегиялық жетістік деп бағалаймын», - деді.

Сонымен бірге, «Шын мәнінде, қазақстандықтар, олардың этникалық шығу тегіне қарамастан, өзін біртұтас халық, біртұтас ұлт деп санайды. Қазақстанда «ұлттық азшылық» ұғымы жоқ. Елімізде 3,5 миллионнан астам орыс тұрады, олардың жалпы халық санындағы үлесі 19%-ға жуықтайды. Біздің елде тұратын орыстар, халқымыздың ажырамас бөлігі, олар барлық құқықтарын пайдаланады. ...Орыстар – біздің халқымыздың бір бөлігі, олардың Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі зор және ұмытылмауға тиіс», -деп қоса кеткен еді.

Мен осы сұхбаттан үлкен әсер алып, жүрегіме сенім ұялаттым. Біздің ұрпағымыздың болашағы жарқын болатынына көзім жетті. Әрине, бұған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөздері куә. Мен Президентімізді қолдаймын және Қазақстан Республикасының азаматы болғанымды мақтан тұтамын.

Курбатов Евгений Александрович

Қызылорда облысы Арал ауданы

Жақсықылыш кентінің тұрғыны

Back to the list