Көкшетау: Cтуденттік ассамблеялар фестивалі

Көкшетау: Cтуденттік ассамблеялар фестивалі

Версия для печати

Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу аясында жоғары оқу орындарының арасында студенттік ассамблеялар фестивалі өтті.


Фестиваль көрермендерге көңілді тапқырлар клубының байқауын еске салды. Тек мұнда 7-10 адамнан тұратын командалар бес байқауға қатысты. Алдымен олар өздерін таныстырып, кейін «Қазақстан халқы Ассамблеясы миниатюрада» атты театрлық қойылымын көрсетті, «Интеллектуалдық викторина» сұрақтарына жауап берді, «Егер мен этномәдени бірлестіктің жетекшісі болсам...» капитандар сайысында жарысты және соңында тақырыптық музыкалық нөмір көрсетті.


Сайыстарда қатысушылар білімдерін, эрудициясын ғана емес, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін, тапқырлығын, нағыз көңілді тапқырлар ретіндегі жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсету керек болды. Дәл осы критерийлер бойынша қазылар алқасы командалардың өнерін бағалады.


Нәтижесінде бірінші, екінші және үшінші орындарды сәйкесінше Көкшетау техникалық институты, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті және Ш. Уәлиханов атындағы КМУ командалары иеленді.


Ақмола облысының әкімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Гран-при жүлдесін Гуманитарлық-техникалық академия командасы жеңіп алды.


Барлық қатысушылар облыстық Ассамблеяның арнайы мүсіншелерімен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.




Back to the list