Көкшетау: «Видергебурт» немістер қоғамы әлеуметтік маңызы зор 10 жобаны жүзеге асыруда

Көкшетау: «Видергебурт» немістер қоғамы әлеуметтік маңызы зор 10 жобаны жүзеге асыруда

Версия для печати

«Ақмола облыстық «Видергебурт» немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі қызметін «Возрождение» республикалық қоры бөлетін грантты жыл сайын жүзеге асырады.

Светлана Корнеева басқаратын этномәдени бірлестік немістердің тілін, мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған әлеуметтік, білім беру және мәдени жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

IMG-20190702-WA0014.jpg

Қазіргі уақытта бөлінген грант аясында этномәдени бірлестік 10 жобаны жүзеге асырады, оның ішінде балаларға неміс тілін үйрету, «Неміс тілі мұғалімі» мамандығы бойынша студенттерді оқыту, «Вундеркинд» мектепке дейінгі білім беру орталығының қызметі, этнос дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау, жастар қозғалысын дамыту бағыттары бар. Білім беру, мәдени жобалармен неміс ұлтының тұлғалары ғана емес, басқа да этнос өкілдері қамтылған. Барлығы 3500-ден астам адам.

Онда аз қамтамасыз етілген азаматтарға медициналық, психологиялық көмек көрсетуге, жалғыз басты қарт адамдарды қолдауға, оларға дәрі-дәрмек алуға, мұқтаждарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге, еңбеккерлерге көмек көрсетуге бағытталған «Мұқтаж азаматтарды әлеуметтік-гуманитарлық қолдау» жобасы маңызды орын алады.

20190725_143806.jpg

Елімізде коронавирустық инфекция пандемиясы қаупіне байланысты төтенше жағдайдың енгізілуіне орай облыстық қоғамдық бірлестік халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, мүгедектерге, қарт азаматтарға, созылмалы аурулары бар адамдарға көмек көрсету қызметін жандандырды. 30 наурыздағы ақпаратқа сәйкес осы санаттағы адамдарға GOVID-19 жеке қорғану құралдары бар 20 медициналық пакет таратылды.

Барлық іс-шараларды облыстық «Видергебурт» қоғамдық бірлестігі «Біз біргеміз» ұранымен жүзеге асыруда.

Back to the list