Күшіміз бірлікте!

Күшіміз бірлікте!

Версия для печати

Өткен жексенбіде Көкшетау қаласы Ақмола облыстық филармониясы қонақтарды қарсы алды.  

Бұл күні I Республикалық «В единстве наша сила!» орыс және казак әндерінің қайырымдылық фестивалі өтті, ол Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында өткізілді және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің    25 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.

Қайырымдылық фестивальдің басты мақсаты – халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге және ықыласпен қарауға тәбиелеу, сондай-ақ Көкшетау қаласында Кафедралы собор құрылысына қаражат жинау.

Фестивальді ұйымдастырушылар және құрылтайшылар: Ақмола облысы әкімдігінің, Ақмола Қазақстан халқы Ассамблеясының, «Русский мир» қоғамдық қорының, «Новый собор» қайырымдылық қорының қолдауымен Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестіру кеңесі, «Русская община Акмолинской области» қоғамдық бірлестігі болды.

Қала тұрғындары мұндай діни іске бірден қол созды. Белгіленген уақытқа барлық билеттер сатылып, көрермендер залы лық толды.

Фестивальге қатысушыларды Ақмола және Көкшетау епископы Серапион, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары,  Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы  Ю.Ф.Захаров құттықтап өтті.

Әртүрлі туындылар орындалды. Мерекелік концертке 11 көркемөнерпаздар ұжымы және 5 жеке орындаушы қатысты. Шығыс, батыс, оңтүстік пен солтүстіктен келген дарындылар өз өнерлерін паш етті.

Біздің солтүстік аймағымыздың намысын екі әйгілі ұжым мен бір жеке орындаушы қорғады. Олар – «Звонница» орыс және казак әндерінің халық хоры, көркемдік жетекшісі Виктор Подолян, концертмейстер Сергей Снурницын «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ және  «Звонница – Наследие» үлгілі-көрнекі вокалдық-хореографиялық казак ансамблі, көркемдік жетекшісі Владимир Ивашкин, хореограф – сахнаға қоюшы Татьяна Утежанова «Братство сибирьских казаков» ҚБ.

Казак әндерін жеке орындаушы  Антон Гуторов та орындады («Братство сибирьских казаков» ҚБ).

Мерекелік фестиваль үш сағатқа созылды. Әр концерттік нөмірді ду қол шапалақпен қарсы алды. Бұл күні көрермендердің біршамасы жаңа ұжымдардың шығармашылығымен танысып, жаңа орындаушылар есімдерін білді.

Соңғы «Роспрягайте, хлопцы, коней!» әні көрермендер залы мен қатысушылардың басын біріктірді және дарынды қатысушыларға, орындаушыларға, орыс және казак әндерін қадірлеушілерге апофеоз ретінде айтылды. 

I Республикалық «В единстве наша сила!» орыс және казак әндерінің қайырымдылық фестиваліне қатысушылардың барлығы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

   

 

 

«Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ

баспасөз хатшысы

Галина Кузьмина

Back to the list