ҚХА аймақтарда медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету акциясын ұйымдастырды

ҚХА аймақтарда медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету акциясын ұйымдастырды

Версия для печати

31 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде «Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым.

Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық» деп атап өткен болатын.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының үндеуіне үн қоса отырып, біздің барлығымыздың қауіпсіздігіміз үшін күнделікті өз денсаулықтары мен өмірлерін қатерге тігіп жүрген дәрігерлерге, медбикелер мен санитарларға қолдау көрсету акциясын ұйымдастырды.


Мысалы, 3 сәуірде республикалық #bizbirgemiz акциясы аясында Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Алматы облысының №11 шағын стансасына көмек берді.

1 млн теңге сомасында 160 азық-түлік сөмкесі жиналып, жедел жәрдемнің 71 қызметкеріне таратылды.

Акцияға ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы, Абдулхалил Долкунтай басшылық ететін «Metall Prom Group» ЖШС қолдауымен «Қазақстан ұйғырларларының республикалық этномәдени орталығы», Алматы қаласы «Жаңғыру жолы» РЖҚ еріктілері атсалысты.

Бүгін шағын стансаның медициналық қызметкерлері Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жатақханасына орналастырылып, жұмысқа ауысыммен шығуда. Олар өз отбасылары мен жақындарын қалдыра отырып, ештеңеге қарамастан аянбай еңбек етуде.

Бұдан бұрын СҚО ҚХА жанындағы «Ассамблея» бірлескен қоры Петропавл қалалық ауруханасының дәрігерлері үшін обаға қарсы 25 қорғаныш костюм жиынтығын сатып алғаны туралы хабарлвнған болатын. Жақын арада тағы 10 арнайы костюм сатып алу жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Радима» белорус этномәдени орталығының төрағасы, композитор Дмитрий Останькович қазақстандық медиктерге арнап «Посвящение врачам» атты өлең жазған болатын.


Профилактикалық жұмыстар аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері еліміздің барлық өңірлерінде күшейтілген карантин енгізілмес бұрын мұқтаж жандарға 170 мыңға жуық қорғаныс маскаларын таратып, 3,5 миллион теңгеге жуық сомада материалдық көмек көрсетті, оны қазақстандық 700-ден астам отбасы алды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біз біргеміз!» акциясы одан ары жалғасуда.

Back to the list