БҮГІН ҚХА 10 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ТИЕЛГЕН 10 ЖҮК КӨЛІГІН АРЫСҚА ЖӨНЕЛТТІ

БҮГІН ҚХА 10 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ТИЕЛГЕН 10 ЖҮК КӨЛІГІН АРЫСҚА ЖӨНЕЛТТІ

Версия для печати

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Арыс қаласының тұрғындарына көмек беру шараларын жүйелі жалғастырып келеді.

Бүгін, 12 шілдеде Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы құрылыс материалдары тиелген 10 жүк көлігін Шымкенттен Арыс қаласына көмек ретінде жөнелтті. Құны 10 млн теңге болатын материалдар бүгін апат орын алған аймақтағы Шымкент қаласына бекітілген №10 секторға жеткізіледі.

072f9e65-118b-40f8-8f5b-80029060c735.jpg

- Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері апат орын алған алғашқы сәттен бастап арыстықтарға қолдан келген көмегінің бәрін көрсетті. Этномәдени бірлестіктердің бірі қаржылай, бірі заттай жылы көңілмен жылуға үлес қосты. Қазақстандықтардың ауызбірлігі қандай қиындыққа да қарсы тұруға болатынын танытты. Ел екенімізді, біріксек бізден қуатты күш, бізден мейірімді қауым болмайтынын дәлелдеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы еңселі елдік пен берекелі бірлік сынға түскен осы қиын кезеңде жалпы сомасы 90 млн теңгенің көмегін көрсетті, - деді Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Достық» қауымдастығының төрағасы төрағасы Икрам Хашимжанов. 

Айта кету керек ассамблея мүшелерінің қайырым-көмегі мұнымен толастамайды. Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қол ұшын беріп, қаржылай және материалдық көмек көрсету шаралары одан әрі жалғасуда.

 

Back to the list