ҚХА екі мүшесі Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанды

ҚХА екі мүшесі Шымкент қаласының Құрметті азаматы атанды

Версия для печати

Шымкент қаласының күніне орай мегаполистің өсiп-өркендеуiне елеулі үлес қосқан 10 азаматқа «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Құрметті азамат атанғандардың қатарында Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелері, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының төрағасы Икрам Хашимжанов пен Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова бар. 

65275886_2249368148709472_4692042099166543872_o.jpg

Икрам Акрамұлы 1999 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде белсенді жұмыс істеп келеді. Бүгінде ҚХА Кеңесінің мүшесі, ҚР өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығының төрағасы ретінде «Біз бір халықпыз», «Достық дастарханы», «Офарин», «Мұшайра», «Мемлекеттік тіл – достық дәнекері» сынды елді берекелі бірлікке бастайтын ауқымды жобаларды жүзеге асырып, Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы мәдени ықпалдастықты арттыруға сүбелі үлес қосуда.
Ал, «Құрмет» орденінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалінің, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Наталья Сергеевнаның ел бірлігін нығайтуға, білім саласын ілгерілетуге қосып жатқан үлесін ерекше атап өтуге болады.

Back to the list