ҚХА Хатшылығының кеңейтілген отырысы өтеді

ҚХА Хатшылығының кеңейтілген отырысы өтеді

Версия для печати

17 шілдеде сағат 15.00-де елордадағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының уәкілетті мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен кеңейтілген отырысы, сондай-ақ, отандық өндірушілер мен крафт-өнімдердің көрмесі өтеді.

Аталған іс-шарада келесі мәселелер қаралады деп күтілуде:

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы желісі бойынша шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ҚХА шетелдік достарының клубын құру және ҚХА Кәсіпкер-өкілдерін шет елдермен екіжақты іскерлік кеңестерге қосу барысы туралы;

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы қызметін сапалы жаңа деңгейге шығару, оның құрамын бизнес-қоғамдастықтың жетекші өкілдерімен күшейту жөніндегі шаралар туралы;

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында айтылған «қарапайым заттар экономикасын» дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы.

Отырыста негізгі баяндамашылар қатарында ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және т. б. болады.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, аталған отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж. Қ. Түймебаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының басшылары мен мүшелері, БАҚ қатысады деп жоспарлануда.

Back to the list