«Киіз үй – тұрмыстық өркениеттің киелі мәнін дәріптеуші»

«Киіз үй – тұрмыстық өркениеттің киелі мәнін дәріптеуші»

Версия для печати

Эльбрус етегіндегі «Белое Солнце пустыни» Этно музей орталығының жетекшісі Рашид Қасқырбайұлы Қасқырбай мыңжылдықтың қасиетті тұрғын үйі: халықтардың мәдени, экономикалық және технологиялық дамуындағы Орталық және Орта Азия киіз үйі турасында әңгімеелйді:

– Қазіргі уақытта жаһандану дәуірінде этномәдени шекаралар әлсіреп, адамгершілік құндылықтар араласып, қайта бағдарлау жүйесі жүріп жатыр.

Халықаралық тарихи-мәдени мұраны жаңғырту және сақтау, сондай-ақ халықаралық аренада көпжақты диалогты дамыту қажеттілігіне байланысты Орталық және Орта Азияның тез тұрғызылатын тұрғын үй ретінде киіз үй ерекше назар аудартады. Киіз үйдің экологиялық қасиеттерін ескере отырып, тұрғын үйдің бұл түрі ұлттық рухани тәжірибені, мәдени көшпелі мұраны кеңінен насихаттау арқылы курорттық және экологиялық туризмді дамыту тұрғысынан ерекше назар аудартады.

Қазақ және қырғыз киіз үйінің әлемдік маңыздылығы туралы оның қолайлы энергетикалық микроклиматты құру фактілері куәландырады. Киіз үйдің формасы «жарты-жұмыртқа» тәрізді болып табылады, ал онда тұрмыстық заттардың орналасуы пирамидадағы «электронды жел» секілді қолайлы энергетикалық аймағына сәйкес келеді. Киіз үйді дайындаудың дәстүрлі білімі мен дағдылары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілген. «Белое Солнце пустыни» этно музей орталығының мақсаты Қабарда-Балкарияның белсенді және сауықтыру туризмі аймағындағы қырғыз және қазақ халқының киелі көшпелі киіз үйінің феноменін ашу. Киіз үй этно музейінің қызметі Ресейдің географиялық әлеуметтік-мәдени сан алуандығын есепке ала отырып, «Жібек жолы» феноменінің болашақ даму перспективаларын зерттеуге бағытталған.

Қызмет барысында қолөнершілер мен өз ісінің шеберлерімен, Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдерінің шығармашылық ұжымдарымен байланыс және ынтымақтастық орнатылды. Киіз үй - тұрмыстық өркениеттің киелі мәнін дәріптеу, табиғаттағы, қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіру тұрғысынан оның сәулеттік ойы қонақтарды, туристерді және демалушыларды тарту орталығы болып табылады.

Этно музей мәдени орталықтың қалыптасқан моделі қызмет нәтижесінде біздің сана-сезімімізді, дүниетанымымызды, қоғаммен және қоршаған ортаға деген көзқарасымызды өзгерте бастады, әртүрлі мамандық иесі мен діни наным-сенімдері әр түрлі керемет адамдармен таныстырды, көптеген тұлғалармен достық қарым-қатынас нығайтып, байланыстамыз. Жалпы, идеялық, танымдық қолданбалы мағынада сұранысқа ие.

Алынған тәжірибе осы модельдің көшпелі бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігін жаңғырту мен дамытудың маңыздылығын айқын көрсетті, оның таралуының өзектілігі, әсіресе, Азия–Ресей – Еуропа халықаралық ынтымақтастық контекстінде айқын. Ресей арқылы көптеген алтын жолдар өтеді, және сөзсіз, басты жол - бейбітшілік, жақсылық пен түсіністік.

Сонымен қатар, Жібек жолы феномені анықтамасы қалыптасып, оның тереңдігіне қарағанда көпшілік сөзбе-сөз қабылдайды

Менің ойымша, бұл адам өмірінің басқа да көптеген салаларында мәдени, экономикалық, технологиялық дамуды алмастыру немесе толықтыру жолымен жасампаздық қызметке бағытталған өзара тиімді ынтымақтастық негізіндегі әлеуметтік-экономикалық жүйе.

Жалпы идея мен социумдарды дамытудағы өмірлік қағидаттар халықтар мәдениетін неғұрлым көбірек біріктіретін болса, Жібек жолы бір-біріне нығая түседі. Киіз үйді ата – бабалар мұрасының арнайы және бірегей кеңістігі ретінде қолдану «Бір белбеу-бір жол» халықаралық жобасы аясында мәдени, білім беру, ағарту саласында дамыту арқылы ынтымақтастыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сол сияқты Волгоград облысының Эльтонаш кентінде құрметті Смағұл Мұңтаев «Кумысолечения» шипажайының маңында «Алтын-Нұр мәдени этно орталығын құрды. Өткен жылы Солтүстік Кавказ қалалары мен аудандарының: Пятигорск, Ставрополь, Минералды сулар аудандары әкімшіліктері диалогқа және этно-көрмелер өткізуге белсенді шақыра бастады.

Железноводск қала-курорты бүгінгі күні бізге қызығушылық танытып, қонақтарға, демалушылар мен туристер үшін тарихи этно-танымдық калоритті көркейтуге ат салысуға шақыруда.

Back to the list