Ұлтаралық татулықты сақтау мәселесі – тәртіп сақшыларының басты назарында

Ұлтаралық татулықты сақтау мәселесі – тәртіп сақшыларының басты назарында

Версия для печати

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ұлтаралық татулықты насихаттау және ұлтаралық шиеленістің алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облыстық полиция қызметі өкілдерінің «Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабы мүшелерімен кездесу ұйымдастырды.

Республиканың ішкі саясатында ұлтаралық келісім мәселесі, өркениетті түрде өзара келісімге келуі ерекше сипатқа ие. Осының арқасында 130-дан астам ұлт пен 46 діннің өкілдері «Қазақстан — ортақ отанымыз, ортақ үйіміз» деген құндылықтың төңірегіне топтаса білді және бүгінде Қазақстан татулығын жоғалтпаған елге айналды.


Кездесудің тізгінін қолына алған Түркістан облыстық ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі Ғани Рысбеков кіріспе сөз алып, басқосудың маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар кездесу барысында аталған тақырып аясында Түркістан облысы IIД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция тобының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева баяндама жасап, тақырып төңірегіндегі ойларын ортаға салды.

Ал Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Керім Қапашов бірнеше келелі пікірімен бөлісті.

Кездесу соңында университеттің түрлі этнос студенттері тақырыпқа сәйкес сұрақтарын қойып, оған тиісті мамандар жауап берді.


Back to the list