МҰРАТӘЛІ ҚАЛМҰРАТОВ: ҚХА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА 87 МЛН ТЕҢГЕНІҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТТІ

МҰРАТӘЛІ ҚАЛМҰРАТОВ: ҚХА АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА 87 МЛН ТЕҢГЕНІҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТТІ

Версия для печати

Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің отырысында Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында ассамблея жанында құрылған штабтың жетекшісі Мұратәлі Қалмұратов баяндама жасады.

65913353_366618987583777_4796649571008643072_n.jpg

Сөзінде спикер бүгінге дейін арыстықтарға 87 846 437 теңгенің көмегі көрсетілгенін жеткізді.

«Төтенше жағдай орын алған алғашқы сәттен бастап Ассамблея мүшелері қолдан келген көмегінің бәрін көрсетті. Шымкентте ашылған штабтың қабылдау бекетіне жиналған азық-түлік өнімдері, киім-кешек, көрпе-төсек, жеке гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмектер дер кезінде эвакуациялық бекеттер мен Арыс қаласына жөнелтіліп отырды. 700 адамға жатын орын дайындалып, күнделікті ыстық тағам ұйымдастырылды. Медиация кеңесінің мүшелері арыстықтарға құқықтық кеңес, психологиялық қолдау көрсетті. 27-ші маусымнан бастап ассамблея ұсынған көмек республиканың түкпір-түкпірінен жете бастады. Қаржылай жиналған көмек «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аударылуда», — деді М. Қалмұратов.

66257562_2260496827596604_244678973978574848_n.jpg

Ортақ Отанымызды мекендейтін түрлі этнос өкілдерінің қайырым-көмегі мұнымен толастамайды. Күні кеше құрылыс материалдары тиелген үш жүк көлігі арыстықтарға жетсе, ассамблеяның «Жақсылық жаса» жобасы аясында жастардан еріктілер тобы құралып, Арысты қалпына келтіру жұмыстарына белсенді араласады.

65640755_452384808875542_1573192519900987392_n.jpg

Жиын барысында 6 шілде – Елорда күніне орай этномәдени бірлестік төрағаларының баяндамалары тыңдалып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты дәріптеген бірқатар БАҚ өкілдері марапатталды.

65771119_438022603418087_5339289118008410112_n.jpg 65815521_2921132354569489_7747283749649252352_n.jpg

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Back to the list