Маңғыстау облысының әскерилері: Біз қандай қиын жағдай болмасын, әрдайым біргеміз

Маңғыстау облысының әскерилері: Біз қандай қиын жағдай болмасын, әрдайым біргеміз

Версия для печати

Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері 300-ге жуық медициналық маска тігіп, Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына, балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан отбасылы жастарға, мүгедек балалы, көп балалы отбасыларға және №6656 әскери бөлімнің сарбаздарына тегін таратты.

«Аналар кеңесінің қолдау көрсетіп келгендерін көріп, біз қандай қиын жағдай болмасын, бірге екенімізге тағы бір көзім жетті. Сіздерге үлкен рақмет! Біз әрдайым біргеміз!», - деді Ақтау қаласы, №6656 әскери бөлімнің командирі, подполковник Марат Рахманов.
Масканы жуып, үтіктеп, қайта қолдануға болады. Бірнеше қабат матадан тігілген бетперделер ауаны еркін өткізеді. Сонымен қатар Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Бернеева індеттің алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын ескеру қажеттігін айтып, адамдарға масканы қалай қолдану керектігі көрсетілген парақшаларды үлестіріліп, кіре беріс алдарына жапсырылды.

«Қазіргі таңда қазақ халқы үлкен сынақтан өтуде. Елбасы, Тұңғыш Президент Н. Назарбаев індетке байланысты халыққа жолдаған үндеуінде қиындықта қол ұшын беру – игі дәстүр екенін айтқан болатын. Соны жоғалтпай, баршамыз қиын кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуге тиіспіз. Осы орайда, облыстық ҚХА мүшелеріне еңбектері үшін алғыс білдіремін», - деді Зульфия Бернеева.

Облыстық КХА өңірдегі жұқпалы індетті алдын алу шараларына өз сүбелі үлесін қосып келеді.

Этномәдени бірлестіктер төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасы көтеріліп, бетперде және гигиеналық құралдар тапшылығы пайда болған кезде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлуді ерекше назарда ұстауда.

Мысалға, «Чосон» корей этномәдени бірлестігі «Біз біргеміз!» акциясына үлес қосып, аз қамтылған, көп балалы отбасыларына күнделікті қажетті азық-түліктер мен тұрмыстық заттар жиынтығы (ылғал орамалдар, сусабын, хлорамин) таратылды.

Корей этномәдени бірлестігі тыл ардагері Зинаида Биркинаға ең қажетті азық-түлікпен ғана емес, жеміс-жидектермен де қуантты. Аға буын өкілдері қиын кезеңде моральды қолдауды қажет етеді.

Корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденова далаға шығуға мүмкіндігі болмаса да, тұрақты турде зейнеткерлерге қолдау көрсетеді. Телефон арқылы әңгімелесіп, олардың карантин кезіндегі үйде отырып жалғызсырамауына көмектеседі.

Қиын қыстау кезінде абыроймен жұмыс атқарып жүрген отан қорғаушылар да назардан тыс қалған жоқ. «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының 2201 әскери бөлімшесіне маскалар таратылды , деп хабарлайды облыстық ҚХА-ның баспасөз қызметі.

Back to the list