Мухабат Абдрахманқызы: Татулық келер ұрпаққа аманат болып қала бермек

Мухабат Абдрахманқызы: Татулық келер ұрпаққа аманат болып қала бермек

Версия для печати

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейлік «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында «Этносаралық келісім – ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторы. Онсыз елдің орнықты дамуы мүмкін емес», - деп баса айтып кеткен еді.

Қазақстан – көп ұлтты көкірегінде ойнатқан байтақ жер екені баршамызға аян. Ал қазақ халқы – қиын заманда түрлі этностарға бір нанын бөліп берген қонақжай халық. Қилы кезеңдерді бірге көріп, бар нәубетке табан тіресе төтеп берген қазақстандықтар қазіргі таңда бейбіт күн кешіп келеді.

Сонымен қоса, дәстүр мен ғұрыпты қатар алған қазақ халқы айдаудан келген жұртты теппеді, төрінен орып беріп, ас-суын алдына қойды. Жақсылыққа жақсылықпен жауап берген ұлт өкілдері, дархан даланың төсіндей жүрегі кең елді бауырындай көрді, жатырқамады.

Міне, бүгінгі күні 130-дан астам ұлт бір шаңырақ астында татулықта күн кешуде. Бұл татулық – «болашақ ағашының» жемісі, келер ұрпаққа аманат болып қала бермек. Бірлігіміз жасасын! Қазақстанның қыраны биікте самғасын!

Мухабат Абдрахманқызы Турдыева

«Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы

ұйғыр этномәдени бірлестігінің» төрайымы

Back to the list