«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы қорытындыланды

«Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы қорытындыланды

Версия для печати

Атырау қаласында Достық үйінде «Мың бала» облыстық мәдени –ағартушылық жобасының кезекті марапаттау шарасы өтті.

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы – этностық топтардың мектеп жасына дейінгі балалары мен мектеп оқушыларының, студенттердің мемлекеттік тілді меңгеруі мен олардың ұлттық құндылықтарды сіңіруіне бағытталған. Аталмыш шара «Тіл мектебі» авторлық бағдарлама, «Асыл сөз» мектебі, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы, әлеуметтік желіде жарияланған «Ózim týraly» видеороликтері, «Sen de bir kirpish dúnıege...» эссе байқаулары бойынша ұйымдастырылған болатын.


«Тіл мектебі» авторлық әдістемелер бағыты бойынша Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектеп мұғалімі Күләш Көккөз, «Асыл сөз» мектебі шешендік өнерге баулу бойынша Мақат ауданының О.Сарғұнанов орта мектебінің 7 класс оқушысы Евгений Балуев, «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы бойынша Атырау қаласының №36 «Нұр Әлем» балабақшасынан Гаухар Төлегенова, «Ózim týraly» видеоролигімен Атырау қалалық №16 мектеп-лицейден Сандира Валимуллина, «Sen de bir kirpish dúnıege...» шығармашылық конкурсы бойынша Құрманғазы ауданының Крупская орта мектебінің 8 класс оқушысы Татьяна Шушуева Қазақстан халқы Ассаблеясының дипломдарымен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта бұл жоба дәстүрлі түрде өз жалғасын табатын болады.

 

Back to the list