Н.Хоменко: Экспедиция нәтижесінде миллиондаған адамдардың Елбасымен кездесулері кітап болып шығады деп сенемін

Н.Хоменко: Экспедиция нәтижесінде миллиондаған адамдардың Елбасымен кездесулері кітап болып шығады деп сенемін

Версия для печати

Н.Хоменко, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

«Елбасының менің өмірімдегі рөлі туралы айту мен үшін үлкен бақыт. Мен журналистік қызмет атқарып жүріп, Елбасының қатысуымен болған маңызды шараларға қатысқанымды мақтан тұтамын. Әр сәт сайын, оның адамдарды қуаттандыратын керемет күш-қайратына таңқалатынмын. Оның ерекше күш-жігері, саяси болжай білетін көрегендігі таңқалдырмай қоймайды. Сондай-ақ, оның әкелік мейірімі қатысушылардың барлығын бірдей баурап алатын. Мұны оның ата мекенінде мемориалды кешеннің ашылуында сөз сөйлегенімде де байқадым. Сол кездегі толқыныс бүгінге дейін есімде. Алайда, Елбасының көзіне қараған сәтте-ақ, оның барлығы ұшты-күйлі болды. Ол сұрақтар қойып, негізінен маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына байланысты жастардың пікірін білгісі келді. Елбасы менің бойымда шынайы патриотизмнің отын жақты, еліміз үшін еңбек етуге серпін берді. Бақытты сырттан іздемей, жетістікке өз елінде жетуге болатынын түсіндірді. Бұл расында солай еді. Бүгін мен Тұңғыш Президент құрған тәуелсіз еліме шексіз ғашық, бақытты адаммын. Маған білім алуға, сүйікті ісіммен айналысуға, қоғамды мойындатуға, және ең бастысы, бейбіт өмір сүруге мүмкіндік берген тату қазақстандық отбасының мүшесімін. Мен мұны 2018 жылдың мамыр айында Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайына» келген сапарында Нұрсұлтан Әбішұлына айттым. Нұрсұлтан Әбішұлы кетіп бара жатып, менің қолымды қысып, жұмысыма сәттілік тіледі. Бұл қолымды қысуында күш-қайрат және мейірімділік пен жанашырлық болды. Сол кездесудегі естелік сурет ата-анамның үйінде құрметті орында ілулі тұр. Олар да балдарының жарқын болашағына сенеді. Мен «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясының нәтижесінде жас буынға мыңдаған, миллиондаған қарапайым адамдардың өздерінің Тұңғыш Президентпен кездесулерін әңгімелейтін бірегей кітап жарыққа шығады деп сенемін».

Back to the list