Нұр-Сұлтан: «Есіл толқындары» ансамбліне - 1 жыл

Нұр-Сұлтан: «Есіл толқындары» ансамбліне - 1 жыл

Версия для печати

7 ақпан күні сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен елордалық Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы ардагерлер ұйымы жанынан құрылған «Есіл толқындары» ансамблінің 1 жылдық есеп-беру мерекелік концерті өтеді.

Концерт 3 бөлімнен тұрады. 1 бөлім – «Абай әлемі» - Абай әндеріне арналған әдеби-музыкалы композиция. 2 бөлім – «Ән-халық қазынасы» - халық әндеріне негізделген ән-айтыс. 3 бөлім – М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан сахналық қойылым. Кіру – тегін.

Back to the list