Наталия Баркова: Бүгінгі өміріміз – берік ынтымақтастықтың нәтижесі

Наталия Баркова: Бүгінгі өміріміз – берік ынтымақтастықтың нәтижесі

Версия для печати

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Казахстанская правда» газетіне берген сұқбатында «ұлтаралық келісім – ішкі саяси тұрақтылықтың маңызды факторы, онсыз елдің тұрақты дамуы мүмкін емес» екенін алға тартты.

Бұған қоса, «Қазақстан – Ресей сияқты көп ұлтты мемлекет. Мен бұл үлкен стратегиялық артықшылық деп санаймын, біз «әр алуандықтағы бірлік» ұстанымын негізге аламыз», - деген болатын.

Сонымен қатар, Президентіміздің «Шын мәнінде, қазақстандықтар этникалық шығу тегіне қарамастан, өзін біртұтас халық, бір бүтін ұлт деп санайды. Қазақстанда «ұлттық азшылық» деген ұғым жоқ. Қазақстанда 3,5 миллионнан астам орыс тұрады, олардың жалпы халық санындағы үлесі 19 пайызға жуық. Елімізде тұратын орыстар – бұл біздің халқымыздың ажырамас бөлігі, олар барлық құқықтарға ие», - дегені мәңгілік татулық, өзара көмек, көпқырлы байланыс, жоғары деңгейлі қарым-қатынас және берік ынтымақтастықтың нәтижесі деп білеміз. Бірлігіміз нығая берсін!

Наталия Баркова

Қызылорда облысы Қазалы аудандық

«Бірлік – Единство» этнобағытталған бірлестігінің мүшесі

Back to the list