Қостанай: ҚХА мемлекеттік тілді меңгерудің бейнесабақтарын ұсынады

Қостанай: ҚХА мемлекеттік тілді меңгерудің бейнесабақтарын ұсынады

Версия для печати

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мемлекеттік тілді меңгертуге арналған «Мәміле. Жағдаяттық қазақ тілі» тақырыбында онлайн сабақтар өткізбек.

Қауіпті коронавирус індетін жұқтырмас үшін әлемдегі және Қазақстандағы азаматтардың үйлерінен шықпағаны құба-құп. Алайда, «карантиндік тәртіп» екен деп қол қусырып отыра беру жарамас, бос уақытты тиімді пайдаланып, пайдалы іспен айналысқан жөн деп есептейді облыстық ҚХА-да.

Біз сіздерге «Мәміле. Жағдаяттық қазақ тілі» онлайн сабақтары арқылы мемлекеттік тілді меңгеруді ұсынамыз. Сіз үй жағдайында қазақ тілін үйреніп, біліміңізді шыңдай түсесіз. Онлайн сабақтар жексенбі, сәрсенбі күндері мына сілтеме бойынша өткізілетін болады.

Сіз мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, іс жүзінде пайдалану мүкіндігіне ие боласыз.

Back to the list