Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтті

Қостанайда Қазақстан-Ресей жастарының форумы өтті

Версия для печати

Этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттарының көшбасшылары мен Қостанай облысы бойынша «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының  белсенді мүшелері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан-Ресей жастарының форумына қатысты.


6 (1).jpg


Іс-шараның ашылу салтанатында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов сөз сөйледі, ол Қазақстандағы жастар саясатының басты басымдықтарына, жастарды жұмыспен қамту  мәселесіне тоқталды және ұйымдастырылған форумның мемлекетаралық достықтың санғасырлық дәстүрлерін жалғастырып, сақтауға бағытталғандығын атап өтті.

Пленарлық отырыстан кейін форум қатысушылары секциялар бойынша тарасып, қазақстандық және ресейлік спикерлердің баяндамаларын тыңдады. 

Жастар еріктілер қозғалысын дамыту жолдарын, шекаралық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін және халықаралық деңгейдегі жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

«Форум аясында маңызды кездесулер орын алды, еріктілер жұмысы үшін тиімді  ақпарат, тәжірибе олардың жұмысын жандандыра түседі.  Табиғи және техникалық апаттардан зардап шеккен бірқатар елдерде жұмыс істеген, яғни халықты гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету мәселесімен айналысқан Ресейлік  спикер Олег Честновты мұқият тыңдадық. «Жеңіс еріктілері» Бүкілресейлік қоғамдық қозғалысының орталық штабына басшылық ететін Ольга Амельченковамен әңгімелескеннен кейін біз де өз елімізде де осындай жұмысты ұйымдастыруға ниеттіміз», - дейді  «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығы жастар қанатының белсенді мүшесі Валерия Чикаева.

21 мамыр күні Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларымен кездесті.


888.jpg

Форум барысында 6 спикер TedX форматында  үздік жобаларын ұсынып, тәжірибемен бөлісті.

Еріктілер орталықтары қауымдастығы кеңесінің төрағасы Артем Метелев ресейлік еріктілердің ауқымды жобаларымен таныстырып, бұл жобаларға қолдау танытуды сұрады, ал Ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Ким 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялауды ұсынды.

Спикерлердің баяндамаларын тыңдап болғаннан кейін Президент сахна төріне шығып, жиналған қауымды қарсы алды.


4 (1).jpg

«Қазақстан Республикасының Президенті ретінде мен әрқашан еріктілер қозғалысын қолдаймын. Біз жастарға демеу болуға уәде береміз, мен барлық деңгейдегі әкімдерге еріктілерді қолдауды тапсырамын. Үш жүз талапты жастардың тізімі жасалып, оларға мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлерінде жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Біз 2016 жылы еріктілер қызметі туралы заң  қабылдадық. Бұл заңда еріктілердің мәртебесі, олардың құқықтары мен міндеттері бекітілген, мемлекеттік қолдау шаралары белгіленген, мұндай шаралар арта түспек. Биылғы жыл Қазақстандағы еріктілікті дамытудың жаңа кезеңі болды» - дейді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ел Президенті «Жыл еріктісі» халықаралық премиясын тағайындауды ұсынды.

«Бұл премия екі ел еріктілерінің ең үздік жобалары үшін табысталады. Осылайша, тың идеялар мен жасампаз жобалар ұсынған жастарды ынталандырамыз. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей еріктілері топтарының көшбасшыларының қатысуымен еріктілер кеңесін құруды ұсынамын. Бұл біздің өзара ынтымақтастығымыздың, достығымыздың және стратегиялық әріптестігіміздің әлеуетін күшейтеді. Болашақта іске асырар ортақ міндеттеріміз көп, олардың  шешімі табылатындығына сенімім кәміл, өйткені біз сияқты айнымас достарды Отанымыздың жарқын келешегі үшін жақсылық жасау мақсаты біріктіреді», - дейді Мемлекет басшысы. 


Back to the list