Қостанайдың «Достық үйіндегі бір түн»

Қостанайдың «Достық үйіндегі бір түн»

Версия для печати

Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Тоқымқағар» қайырымдылық акциясы аясында облыстық жасөспірімдер үйінің жігіттері мен арулары үшін түлектер кешін ұйымдастырды. 

Іс-шараны өткізуге этномәдени бірлестіктер мүшелері, бет әрлеушілер мен шаштараздар қауымы мейлінше қолдау танытты. Шаш үлгілері ерекше, сәнді көйлек киген, көздің жауын алатын бикештер мен сегіз қырлы, бір сырлы жігіттер қызыл кілім үстімен өтіп, өздерің жұлдыз ретінде сезіне алды.

«Бұл біз үшін өте маңызды күн,  бүгін өзіміздің есейгенімізді түсіндік. Бұл күн есте қаларлықтай өтсін деп армандап едік. Әр адамның кәсіби бет әрлеушіге жүгініп, көз тартарлық әсем көйлек сатып алатындай мүмкіндігі жоқ. Біз үшін мұндай керемет мереке ұйымдастырған облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық үйінің ұжымына айтар алғысымыз шексі», - деді Любовь Галицина.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аккужина, Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Александра Суслова және облыстық жасөспірімдер үйінің директоры Александр Гринькив түлектерге құттықтау лебіздерін жолдады. Жолымыз ақ болсын, алар асуларымыз биік болсын деген ниетпен түлектер көк аспанға ақ кептерлерді  ұшырды.    

_n307sD9S1U.jpg

Әртістер көрермендерге концерттік бағдарламаларын ұсынды. Шығармашылық студиялар сан түрлі өнерлерін паш етті. Достық үйінің алдында «Большие гонки» («Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар») жарысы ұйымдастырылды. Іс-шара жүргізушісі Рач Мартиросян қонақтарды машина айдауға шақырды, барлықтарына тәтті сыйлықтардан дәм татты. Жарысқа жастар ғана емес, аға буын өкілдері де қатысты.

Достық Үйінің үлкен залында «Не? Қайда? Қашан?» бағдарламасы өткізіліп, бірлестік өкілдері мен жас білімпаздар бақ сынасты.

xRdGNWhO28w.jpg

«Ойын өте қызықты өтті.  Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға қатысты күрделі сұрақтар қойылды, біз талай сұрақтың жауабын таптық. Жеңіп шығуымызға бір ұпай жетпеді, мұндай іс-шаралар ұжымшылдыққа тәрбиелейді», - деп әсерімен бөлісті ойынға қатысушысы Балсұлу Алекенова. 

Алғашқы ойында А. Байтұрсынов атындағы Қостанай  мемлекеттік университетінің командасы жеңіске жетті.  Ал екінші ойында этномәдени бірлестіктер командасы «Алғырлар» атағына ие болды. Барлық қатысушылар медальдармен марапатталды. Облыстық Достық Үйінің ұжымы іс-шара қонақтарына бұл ойынды дәстүрлі түрде ұйымдастырып ттұратындықтарын хабарлады.   

Достық үйінің екінші қабатында үнді халқының көрмесі ұйымдастырылды, аквагримерлер жұмыс жасады. Алғашқы шығармашылық студияда «Жить здорово» («Салауатты өмір сүрейік») бағдарламасы өткізілді. Іс-шара ұйымдастырушылары – биыл 90 жылдығын атап өтетін Қостанай жоғары медициналық колледжінің ұжымы. Студенттер мен оқытушылар іс-шара қонақтарын алғашқы көмек көрсету жолдарымен  таныстырып, қандағы қант мөлшерін тексерді. 

1kmvgk06_TU.jpg

Келесі студияда «Кешкі кездесу» бағдарламасы өткізілді. Мұнда қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары таныстырылды.

«Сәбиді жуу, бесікке бөлеу дәстүрін көруге ниет танытқан адамдар көп болды. Кейбіреулері салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды үйретуге арналған  мектеп ашу қажеттігін жеткізді», - деді Назгүл Ыбраева.   

R8tBxhrW9OY.jpg

Сонымен қатар, мереке қонақтары «Миллион кімге бұйырады?» ойынына қатысты.  Екі қатысушы барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ойынға арнайы әзіл ретінде жасалған 1 млн теңгелік сертификатты жеңіп алды.

Келесі студияда іс-шара қатысушылары пайдалы тағам әзірлеудің қыр-сырын меңгеріп, балғын көкөністер мен жемістер шырынынан нәр алды,  қазақ халқының сусыны шалаптан дәм  татты. 

8Q-xrNzzZbs.jpg

Келесі студияда «Модный приговор» («Әсемдік сырлары») бағдарламасы ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара қонақтары ұлттық киіммен суретке түсіп, сән өнеріне қатысты, сұрақтарға жауап беріп, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Келесі студияда тілшілер журналистер күні аясында «Журналисті тауып көр» ойынын ұйымдастырды, сондай-ақ іс-шара қонақтары Достық үйінің ұжымына ізгі тілектерін тілек жазып қалдырды.

OuxVCLlrppI.jpg

Екінші қабаттағы үлкен зал самауырлар мұражайына айналды. 300-ден астам самауыр жинаған Алтынай Аманова  самауыр көрмесін көрермендер назарына ұсынды.

«Ең көне самауыр 1890 жылы Тулада жасалған. Ең үлкен самауыр 40 литр су сыйдырады, ең кішкентайы – 200 мл. Наурыз мерекесінде барлық қонақтарға осы самауырдан хош иісті шай ұсынамын», - дейді коллекция иегері.

PnOldJvPc64.jpg

Соңғы шығармашылық студияда «Играй, гармонь» («Жырлашы, менің сырнайым»)  бағдарламасы ұйымдастырылды. Қостанайлық және Рудный қаласынан келген баяншылар мен сырнайшылар өнероерін ортаға салды. «Раздолица» орыс, славян және казак әндерінің ансамблдері концерт қойып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.


Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Back to the list