Қостанайлық ақын Мәскеу жұртшылығын әзіл өлеңдерімен таң қалдырды

Қостанайлық ақын Мәскеу жұртшылығын әзіл өлеңдерімен таң қалдырды

Версия для печати

Қостанайлық ақын, жазушы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Александра Суслова жыл сайын өтетін бүкілресейлік «Умный смех» («Астарлы әзіл») әзіл өлең-жыр байқауының лауреаты атанды.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 96 адам қатысуға ниет білдірген байқау барысында 27 қатысушы ғана мәреге жеткен. Александра Ильинична үздіктер қатарына ілікті.

2019.06.02 Умный смех. Москва. С организатором конкурса-фестиваля Татьяной Кормилициной4.jpg

«Мен байқауға қатысу үшін өтінім жолдадым, бірнеше туындымды жібердім. Көп ұзамай шақырту алдым. Іс-шара мәскеулік еврей қоғамдық бірлестігінің «Амфитеатр» залында өтті. Мен өз өлеңдерімді «Крупные формы» номинациясы бойынша оқыдым. Жұбайым концерт басталардан бұрын қоңырау шалып, «жұлдызың жансын» деген тілегін білдіргені сол-ақ екен, бағым жанып, жұлдызды марапатқа ие болдым» - деп әсерімен бөлісті автор.  

«Өлеңдерімнің халыққа ұнағаны көңілімді қуантады, ақын үшін тыңдармандардың «Браво» деген кошеметінен артық ештеңе жоқ. Ұшқыр қалам иелеріне қолдау танытқан іс-шара ұйымдастырушыларына алғысым шексіз», - дейді Александра Ильинична.

Back to the list