Патриоттық әндердің ІІ балалар фестивалі жаңа есімдердің жұлдызын жағады

Патриоттық әндердің ІІ балалар фестивалі жаңа есімдердің жұлдызын жағады

Версия для печати

Патриоттық тәрбиені арттыру және тұлғаның азаматтық қасиеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ патриоттық ән жанрын насихаттау мақсатында елордада 8 және 10 қарашада «Алтын күн» патриоттық әндерінің ІІ балалар фестивалі өтеді. 

Фестивалге Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары мүшелері, жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар, вокалдық студиялар, ансамбльдер, сонымен қатар 6-16 жас аралығындағы барлық тілек білдірушілер қатыса алады. 

Фестивалде Отанымыз Қазақстан, елорда, туған өлке туралы әндер, сондай-ақ ҰОС жылдары және бейбіт уақытта жазылған әндер шырқалуы тиіс.



Патриоттық әндер фестивалі екі турдан тұрады: 

1 кезеңде іріктеу, 2 кезеңде фестиваль өткізіледі.

Іріктеу туры 

2019 жылғы 8 қарашада сағат 17.00-де Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы 24/9) өткізіледі.

Фестиваль финалы

2019 жылғы 10 қарашада сағат 11.00-де Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де (мәжіліс залы) болады.

Өтінімдер 5 қарашаға дейін +77014075853 телефоны бойынша немесе e-mail: nurblagodar2018@mail.ru электронды жәшігіне қабылданады.

Back to the list