Павлодарда Оңтүстік Корея мәдениетінің фестивалі өтті

Павлодарда Оңтүстік Корея мәдениетінің фестивалі өтті

Версия для печати

Павлодарда II «Summer k-pop star» байқау-фестивалі өтті. Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, фестивальдің басты мақсаты – жастарды Оңтүстік Кореяның заманауи мәдениетімен таныстыру. Іс-шара «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды. 


K-поп мәдениеті XX ғасырдың соңында Оңтүстік Кореяда пайда болды. Бұл Батыс электропоптың, хип-хоптың, қазіргі ритм мен блюздің элементтерін қамтитын музыкалық өзгеше жанр.

Іс-шараны мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының қолдауымен «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырып отыр.


Шараның негізін қалаушылар – Қазақстан кәрістерінің жастар қозғалысының павлодарлық филиалы және Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы.

Фестиваль соңында аймақтың жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Р. Смайлов пен таеквандо спорт мектебінің директоры Ким Сонг Су  қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттады.

Back to the list