Петропавл: ҚХА-ның 25 жылдығына арналған көрме

Петропавл: ҚХА-ның 25 жылдығына арналған көрме

Версия для печати

Петропавлдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығына арналған «Достық. Елдік. Бірлік» көрмесі ашылды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру аясында өткізілуде.


Көрмені мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Досбол Әбдіриісов ашып, қатысушыларды келе жатқан мерекемен – Алғыс күнімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен құттықтады.


Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин аталмыш институттың қоғамдағы жоғары рөлін атап өтті. 25 жыл бойы Ассамблея барлық этностарды біріктіретін, мәдениетті, дәстүрлер мен салттарды сақтауға және танымал етуге ықпал ететін нағыз шаңырақ болып табылады.


Көрменің салтанатты ашылуынан кейін барлық қатысушылар бірегей экспонаттарды: түрлі этностардың ұлттық киімдерін, тұрмыс заттарын, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын тамашалай алды. Сонымен қатар залда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихының ең естелік сәттері бейнеленген фотогалерея ұсынылды.




Back to the list