Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де татар мәдениеті күндері өтті

Петропавл: М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де татар мәдениеті күндері өтті

Версия для печати

Петропавлдағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының бастамасымен «Ұлттық мәдениет күндері» жобасы жаңа жылда да жалғасын табуда.

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері мен оқытушылары татар этносының мәдениетімен етене жақын танысты.


Жиналғандарды Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин, сондай-ақ «Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наиль Абраев құттықтады.


Фойеде сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық тағамдар, әдебиет көрмесі ұйымдастырылды. Барлық тілек білдірушілер нағыз чак-чак пен ең дәмді учпучмақтарды сынап көрді.


Кез келген этностың мәдениеті дәстүрлерді, сондай-ақ халық шығармашылығын көрсету арқылы барынша толық ашылады. Осылайша, барлық қатысушылар Ринат Шамшутдиновтың тамаша татар әніне би биледі. Ал «Айым» хореографиялық ансамблінің орындауындағы татар биі бірде-бір қонақты орнында тұрғызбады.


Back to the list