Петропавлда Конституция күніне орай «Sаltdástúr» дәстүрлі этномәдени фестивалі өтеді

Петропавлда Конституция күніне орай «Sаltdástúr» дәстүрлі этномәдени фестивалі өтеді

Версия для печати

Солтүстік-Қазақстан облыстық өңірлік коммуникация қызметінің негізінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өткізетін «Sаltdástúr» этномәдени фестиваліне қатысты баспасөз мәслихаты өтті.


СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зайнуллин журналистерді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі мен құрылымымен таныстырып өтті. Сонымен қатар 30 тамыз күні сағат 15.00-де Достық үйінің алаңында аудандық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен өтетін «Sаltdástúr» облыстық этномәдени фестивалі туралы кеңінен толық ақпарат берді.

«Биыл оныншы рет өткізіліп отырған фестивальдің мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысында тұратын этностардың салт-дәстүрлерін сақтау және дамыту болып табылады. Байқауға тұрғын үйді ұлттық стильде безендіру, театр қойылымы, жұртшылық пен көрермендердің қатысуымен ұлттық ойындарды, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру кіреді», – дейді М. Зейнуллин.


Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрамына 26 этномәдени бірлестік кіреді, облыс аудандарында 181 бірлестік жұмыс жасайды. Олармен бірге Ассамблея «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асырады. Олардың қатарында «Sаltdástúr», «Қазақтану», «Болашақ үшін естелік», «Жібек жолындағы әңгімелер», «Қайырымдылық керуені», «Өз еліңді тану», «Ұлт рухы», «Бір ел – бір тағдыр» бар.

Back to the list