Петропавлда «Мәміле» клубының мүшелері отбасылық дәстүрлер, аға ұрпақтың отбасындағы рөлі туралы әңгімеледі

Петропавлда «Мәміле» клубының мүшелері отбасылық дәстүрлер, аға ұрпақтың отбасындағы рөлі туралы әңгімеледі

Версия для печати

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Мәміле» клубы жаңа қызықты форматтарды, қызықты тапсырмаларды енгізе отырып, өз жұмысын одан әрі жалғастыруда.


Сабақ үй тапсырмасын тексеруден басталды. Курс тыңдаушылары жаттаған жаңа сөздерді – шифрланған сөзжұмбақты шешті.

Одан кейін мұғалім Сәлімхан Сәбитов генеалогиялық ағаштың – Шежіренің жасалу жолымен таныстырды.


Сабақтың жаңа тақырыбы – «Отбасы». Салимхан отбасылық дәстүрлер, ата мен әженің отбасындағы рөлі туралы айтып кеңінен әңгімелеп берді. Сонымен қатар тыңдаушылар туысқандардың атауларымен танысты.

Өткен материалды бекіту үшін әр қатысушы өз отбасы туралы әңгімелеп берді. Шара соңында клуб мүшелері дәстүр бойынша «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.


Back to the list