Приозерскіде Қарағанды облысының алғыр жастары бас қосады

Приозерскіде Қарағанды облысының алғыр жастары бас қосады

Версия для печати

18-19 шілде күндері Қарағанды облысы Приозерск қаласында Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы аймақтық штабының мүшелері мен Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктері жастар өкілдерінің қатысуымен «Saryarqa Jastar» облыстық форумы өтеді. 

dw3Wvj466XFRgpZrdtz8IXEhitf4s9.jpg

Іс-шара бағдарламасында жастар әлеуметтік жобаларының презентациясын өткізу, «Атамұра» қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін дамыту орталығына бару, ҚХА «Жарасым» клубының «Super Jastar» волейболдан чемпионаты және алау басындағы «ҚХА -Talks» жүздесуі жоспарланған.   

Қарағанды облысының жастар қозғалысы ҚХА құрылғаннан бері белсенді жұмыс атқарып келеді. Облыстық ҚХА тәуелсіздік жылдары жас көшбасшылардың тұтастай тобын тәрбиелеп шығарды, олардың ұйымдастырып өткізген тағылымды іс-шаралары бүгінгі таңда біздің аймақта ғана емес, жалпы республикаға да кеңінен танымал. Жағдайды талдап, осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, 2017 жылы облыстық Ассамблея кеңесі Жастардың үйлестіру кеңесін құрды.

2018 жылы ҚХА жастар көшбасшыларының бастамасымен республиканың барлық аймақтарындағы «Жаңғыру жолы» қозғалысы мен оның штабтарын құру туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі күні Қарағанды облысының штабы өңірдің жас тұрғындарын бейбітшілік пен келісім саясатына тартуға, ҚХА мақсаттары мен міндеттерін түсіну картасын жасауға, этносаралық және конфессияаралық келісім ұғымдарының мән-мағынасын ашу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп, «Nur Otan» партиясының ҚОФ «Jas Otan» жастар қанатымен белсенді қарым-қатынас жасауда.

Бірлескен күш-жігердің арқасында облыстық ҚХА құрылымдарының жас көшбасшылар пулы құрылды. Аймақтың жоғары оқу орындарының басшылығымен бірлесе жұмыс істеудің арқасында «Жарасым» студенттік клубтары ашылуда. Алғашқы қарлығаштардың бірі болып Қарағанды медицина университетінде клуб құрылды. Басты жетістіктердің бірі Елбасының еңбек отаны – Теміртау қаласында «Жаңғыру жолы» қалалық штабының ашылуы болды. Бірқатар жобалар іске асырылды, соңғыларының бірі ретінде Достық үйінің негізінде «Bilim Ortalygy» зияткерлік аймағының ашылуын атауға болады.

Өткен жылдың қазан айында Қарағанды медицина университетімен бірлесіп аймақтың 8 жоғары оқу орындарының белсенді студенттерін біріктірген «Сарыарқа жастары» атты студенттік жастардың облыстық форумы өтті. Оның аясында жастар стартаптарының көрмесі ұйымдастырылды. Ұсынылған жобалардың көбі бүгінде жергілікті билік пен бизнес-құрылымдардан қолдау тауып отыр. Өңір жастарының басқа да жобалары мен бастамалары жоспарлы түрде ілгерлетілуде.

«Алға қойған жоба-жоспарларымыз аз емес. Біз жұмыс барысында өзімізді-өзіміз шектемеуге, әр түрлі қызмет саласынан жастарды тартуға тырысамыз. Біздің басты міндетіміз – Қарағанды өңірінің жас өркендерінің әлеуметтік көңіл-күйін жақсартуға ықпал ету. Біздің жұмысымызда жастар санатына қатысты шешімін күткен мәселелер жетерлік. Бірінші кезекте, бүгінгі күнгі жүргізіліп жатқан реформалар мен қалыптасқан жағдайлар туралы жастар арасындағы ақпараттандырудың төмендігін айтар едім. Кез келген дамушы мемлекеттің жастары прогрессивті болуы тиіс. Мемлекет бәсекеге қабілетті болу үшін оны ХХІ ғасырдың талабына сай қарым-қабілетке ие өршіл, креативті жастар дамытуы тиіс. Шет тілдерін білу, әлеуметтік жауапкершілік, патриотизм, ақпараттық технологиялар дағдылары, менің ойымша, қазіргі заманғы қазақстандық жастарды дамытудың маңызды бағыттары болып табылады», - дейді Қарағанды облысының ҚХА Үйлестіру кеңесінің төрағасы Александр Урмашов.

Бүгін таңда Жастардың үйлестіру кеңесі облыстың қалалары мен аудандарының жастар ресурстық орталықтарымен, Қазақстан студенттерінің Альянсымен бірлесе жұмыстар атқаруда. Әрине, дәстүрлі серіктестер, штабтың қозғаушы күші болып облыстағы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаттары болып қала беретіні анық.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Back to the list