Рахымжан Үмбетжанов: Діни тұрғыдан қарағанның өзінде донор болу – игі іс екенінен хабардармыз

Рахымжан Үмбетжанов: Діни тұрғыдан қарағанның өзінде донор болу – игі іс екенінен хабардармыз

Версия для печати

Әлемде ақ халатты абзал жандар деп дәрігер мамандарын айтатынымыз аян. Ал дәрігер мамандығы жер бетіндегі ең көнелердің бірі саналатыны тағы да рас. Әр адам баласы өмір жолында сан мәрте дәрігерлердің қабылдауында болып, ем-дом алып, ыстық ықыласы мен алақандарын сезінетіні жасырын емес. Жаздың жайма шуақ күндерінде аталынып өтетін меркелер елімізді аз емес. 


Солардың бірі - Медицина қызметкерлері күні. Маусымның 16-сы күні аталмыш кәсіби мерекені еліміздің бірнеше мың ақ халатты абзал жандары атап өтеді. Қазақстанда бұл мереке Президенттің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәкес 16 жыл қатарынан аталып келеді. 

Рисунок2.jpg

Елімізде өз саласының білікті маманы атанып, біршама жетістіктерге қол жеткізгендері қаншама. Медицина саласында таңқаларлық жаңалықтар да ашып жатқандары ел аузында. Бұл салада болашағынан зор үміт күттіретін жас мамандар да жетерлік. Сондай дәрігерлер қатарына еліміздің оңтүстігіндегі шырайлы Шымкент шахарындағы №1 клиникалық Ауруханасында трансплантолог дәрігері ретінде жемісті еңбек етіп жүрген Рахымжан Үмбетжановты жатқызуға болады. Ол өзінің қызметі, салады қордаланған мәселелер мен перспективалары жайында аз-маз әңгімелеп берген еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз. 

Рисунок1.jpg

Мен болашағымды медицинамен байланыстырып, жоғары оқу орындарында 10 жыл білім алдым. Медицинаның трансплантология саласын таңдадым. Бүгінге дейін 500-ге жуық операцияға қатыстым. Қазір трансплантологиялық операциялардың Шымкентте жоғары деңгейде жасалуы мені қуантады. 

Әрине, алдымен бәрі Алланың қолында. Сонан соң біз секілді дәрігерлерге байланысты. Біздің мемлекетіміз халық денсаулығын қорғауға, соның ішінде трансплантация саласына үлкен қолдау көрсетуде. 

Рисунок5.jpg

Мәселен, бір науқасты диализден өткізуге бюджеттен 4,6 миллион теңге кетеді. Ал, бауыр циррозымен ауыратын 1 науқасқа 2 миллионға жуық қаржы бөлінеді. Жалпы, бір жылда 4 млрд. 220 миллион теңге бюджет қаржысы науқастарға жұмсалып жатыр. 

Біліктілігін шет елдерде шыңдаған дәрігерлер Шымкентте соңғы 4 жылда 140 бүйрек және 19 бауыр ауыстыру операциясын жасады. Әдетте бауыр ауыстыру оталары 13-18 сағатқа созылады. Бірақ біз жақында бауыр алмастыру операциясын 5 сағат 48 минутта істеп, ТМД рекордын жаңарттық. 

Рисунок9.jpg

Біздің оталардың тиімділігін пациенттеріміздің бүгінгі бірқалыпты жағдайынан анық байқауға болады. Біз 2018 жылы Шымкентте Германия, Австрия, Румыния, Канада, Израиль сынды мемлекеттердің 23 азаматының бүйрегін ауыстырып, бюджетке 120 миллион теңге қаржы түсірдік. Бұл Шымкенттің медициналық потенциалының жоғарылап келе жатқанын аңғартады. 

Рисунок4.jpg

Алайда, жоғарыда аталған жетістіктер бұл саладағы проблемаларды толық шешіп отыр деп айта алмаймын. Бүгінде Шымкентте 700 адам бүйрек жетіспеушілігімен, 500-ге жуық адам бауыр циррозына шалдыққан. Мұны шешудің тиімді жолы – науқастардың бүйрек, бауырын дер кезінде ауыстыру. Біз бұл арқылы науқастарды толық қалпына келтіреміз және үнемделген қаржыны басқа ауру түрлерін емдеуге бағыттай аламыз. 

Рисунок7.jpg

Осыған байланысты, бізде донор мәселесі өзекті болып отыр. Мәйіттік донор әлі күнге дамымай келеді. Қоғамда бұл туралы әлі де болса дұрыс түсінік қалыптаспаған. Діни тұрғыдан қарағанның өзінде донор болу – игі іс екенінен хабардармыз. 

Рисунок3.jpg

Мәселен, ислам дінінің орталығы болып саналатын Сауд Арабия елінің өзінде жыл сайын 300-ге жуық науқасқа трансплантация жасалады. Егер мәйіттік трансплантацияны дамытсақ, біз өмірден өткен 1 адамның ішкі органдары арқылы 7 науқасқа көмек бере аламыз. 

Рисунок6.jpg

Шет елдерде бүйрек, бауыр ауыстыру оталары 65 мың доллардан басталып, 135 мың долларға дейін тұрады. Мұны әрбір қазақстандықтың қалтасы көтере бермейді. Сол себепті донор жайын шешуге мемлекет және қоғам тарапынан оң қолдау болса, біз трансплантация арқылы көмек көрсетуге дайынбыз. 

Трансплантациянының пайдасы неде? Біріншіден, біз осы арқылы есепте тұрған науқастарға заманауи көмек көрсете аламыз. Екіншіден, медициналық туризмді дамытудың жақсы мүмкіндігі бар. Үшіншіден, шетелдік науқастарға ақылы операция жасап, мемлекеттік қазынаны толтырудың жақсы мүмкіндігі ашылады. Төртіншіден, медицинамызды бәсекеге қабілетті әлемдік деңгейге көтерудің даңғыл жолы ашылады.

Рисунок10.jpg

Әсем Жұмабекова 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Back to the list