Рухани келісім күні

Рухани келісім күні

Версия для печати

1992 жылы рухани келісім конгресінің соңғы отырысында 18 қазан Рухани келісім күні деп бекітіліп, Қазақстан және бірқатар басқа елдерде мерекеленіп келеді.

 Ақтөбеде Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында бұл күн «Рухани келісім – береке мен бірлік кепілі» атты семинар ретінде аталып өтті. Семинарға этномәдени бірлестіктердің, облыстық мешіт пен шіркеу өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аналар және ақсақалдар кеңесінің мүшелері, медиация орталығы, қала мекетптерінің мұғалімдері мен оқушылары, әскери мектеп курсанттары шақырылды. Іс-шара модераторы  - «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекетттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы Г.Шерниязова  сөз сөйлеп, еліміздің Конституциясына сәйкес әр адамның діни сенім бостандығына құқығы бар, яки әркім өзінің дінін таңдауға ерікті, қазіргі таңда Қазақстанда 130-дан астам этнос өкілдері, 18 конфессия бар, бұл мереке күні біз ортақ қоғамымыздың тұрақтылығының негізі - толеранттылық идеясын насихаттаймыз деп атап өтті.

Семинар қонағы, профессор, тарих ғылымдарының докторы Н.Абдоллаев Қазақстанның рухани іргетасының қалануының тарихи деректеріне шолу жасады. – Кешегі кеңестік республикалардың ішінде полиэтностық Қазақстан конфессияаралық келісімнің берік негізін қалады. Және де Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту үдерісімен айналысатын институт ретінде әртүрлі конфессиялар мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне жағдай жасап отыр,-деп атап өтті.

Қазіргі заманғы Қазақстан өміріндегі рухани келісімнің рөлі мен толеранттылық философиясы тақырыптарына Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы Ж.Жаңабаев пен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ғылыми қызметкері Д.Мацюк өз баяндамаларында әңгіме қозғады.

Қасиетті Николай кафедралды соборының аға діни қызметкері Н.Гузев өз сөзінде:

- Біз бір ұлт, бір елміз, ортақ Отанымыз – Қазақстан. Рухани келісім күнін мен дұрыс діни арнаға бағыт беретін күн ретінде қабылдаймын. Алғашқылардың қатарында осындай мерекені атап өтетініміз мен үшін үлкен мадақ, бүгінде еліміз басқа мемлекеттерге конфессияаралық келісім мен түсіністікте өмір сүру өнегесін көрсетіп отыр,- деп атап өтті.

Екі сағатқа созылған семинар жұмысы этномәдени бірлестіктердің төрағаларының құттықтау сөздерімен аяқталды.

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Back to the list