Құрылғанына 8 жыл толған «Ақ әжелер» ансамблі Ақмола облысына гастрольмен шықпақ

Құрылғанына 8 жыл толған «Ақ әжелер» ансамблі Ақмола облысына гастрольмен шықпақ

Версия для печати

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен елордалық Достық үйі сахнасында Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Ақ әжелер» ансамблі жеке шығармашылық кешін өткізді.


«Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жалғас Кеңесов көрермендерге алғысын білдіріп, ансамблдің құрылу тарихына қысқаша тоқталып өтті.


«Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу мақсатында ансамбль 2012 жылы елорда төрінде құрылды. Кезінде бірі дәрігер, енді бірі мұғалім болған шамамен 30 шақты әжелер өнерлерін ортаға салуда.


Болашаққа жоспарларымыз өте көп. Солардың бірі - Ақмола облысы аймақтарын аралап, концерттік бағдарламамызды барша халыққа арнау.


Ел тарихына кішкене де болсын үлес қосу – басты міндетіміз. Осыған байланысты «Аналар аманаты» көрме-залында шығармашылығымызды елорда тұрғындарына сыйлауға септігін тигізген Қазақстан халқы Ассамблеясына және ұлттық өнерді бағалап келген үлкен-кішіге алғысымыз шексіз», - дейді Ж.Кеңесов.


Концертте «Ақ әжелер» ансамблі классикалық және қазақ композиторлары мен халық әндерін шырқады.


Ал ансамбль мүшелерінің жеке орындауындағы Абайдың қара сөздері мен домбырамен сүйемелденген жыр-термелер тыңдармандардың құлақ құрышын қандырды.


Әрбір шығармашылық нөмірге зор қошеметін аямаған көрермендер әдемі кештен көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты, дейді ұйымдастырушылар.








Back to the list