СҚО: 2 млн. теңге көлемінде қайырымдылық жасалды

СҚО: 2 млн. теңге көлемінде қайырымдылық жасалды

Версия для печати

Барша мұсылман қауымы рухани бастауларға деген үлкен сенімді бейнелейтін ең қасиетті әрі ұлық мерекелердің бірі – Құрбан айтты атап өтуде.

Бұл күні қайырымдылық жасау, мұқтаж адамдарға көмектесу, сыйлықтар беру және қонаққа бару – сауапты іс.

Осы күндері жалпы республика көлемінде өтіп жатқан «Мың алғыс» акциясына Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы да қатысты. Қалада денсаулық сақтау мекемелеріне, пандемиядан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері медицина қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, коронавирустық инфекция салдарынан жақын адамынан айрылған отбасыларға да назар ауыдарылды. Өз кезегінде көп балалы отбасыларға азық-түлік, оның ішінде құрбандыққа шалынған қойдың еті жеткізілді. Барлығы 2 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Өңірден акцияға белсене атсалысқан «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігіне, «Еврей мәдени орталығына», «Әзірбайжан мәдениеті орталығына», «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығына», «Дуслык» татар-башқұрт қоғамдық орталығына» алғыс білдіреміз.

Back to the list