СҚО: Облыстың басты жоғарғы оқу орнында орыс мәдениеті күні өтті

СҚО: Облыстың басты жоғарғы оқу орнында орыс мәдениеті күні өтті

Версия для печати

Петропавлдағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде студенттер мен оқытушылар үшін орыс халқының мәдениеті күні өтті.


Қазақстандық орыс қоғамдастығының және «Сібір казактарының бауырластығы» СҚФ өкілдері жиналғандарға орыс мәдениетінің, дәстүрінің, шығармашылығының және тағамдарының ерекшеліктерімен таныстырды.


«Звонница» ансамблінің танымал әртістері лирикалық халық әндерін шырқаса, балалардан құралған хореографиялық топ орыс халқының билерін көрермендер назарына ұсынды.


Іс-шараға қатысушылар ұлттық ойындарға қатысып, хош иісті шай мен бәліштерден дәм татты. Көрмеде қолөнер бұйымдары да ұсынылды. Көрермендерді орыс халқының өнері, әдебиеті және тарихы туралы кітап көрмесі де қызықтырды. Оған қоса дәстүрлі орыс самаурыны мен ұлттық нақыштағы қуыршақтары да көрменің сәнін келтірді.


Студенттер мерекеге ерекше атсалысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, көрермендермен бірге билеп, ән айтты. Мұндай іс-шаралар М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ға басқа елден оқуға келген студенттердің ерекше қызығушылығын туғызды. Мұндай шаралар Қазақстан халқының мәдениетін, дәстүрді сезініп, өздері туралы баяндап, жергілікті студенттермен жақсы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.


Университеттегі ҚХА кафедрасының «Халықтану» оқу дәріс залы аясында «Орыстар», «Орыс халқының конфессиялық әртүрлілігі» дәрістерін үш тілде, орыс драма театрында Масленица фестивалін өткізу жоспарланған.

Back to the list