Сабантой – татарлардың жер мен адал еңбекке деген махаббатының жарқын көрінісі

Сабантой – татарлардың жер мен адал еңбекке деген махаббатының жарқын көрінісі

Версия для печати

Семей қаласында татар халқының «Сабантой 2019» мерекесі өтап өтілді. Сабантой – татарлардың жер мен адал еңбекке деген махаббатының жарқын көрінісі. 

_MG_0029.JPG

Осыған орай Семей қаласына РФ Татарстан Республикасынан қонақтар мен халық әртістері келді. Мерекеге қаланың құрметті азаматтары да қатысты.

Іс-шара бағдарламасында мерекелік концерт, спорттық жарыстар, татар халық ойындары мен сайыстар: арқан тарту, армрестлинг, гір көтеру, бағанға көтерілу және «Татарча куреш» бар.

_MG_0002.JPG

«Сабантой 2019» мерекесі үш алаңда өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары «Сабантуй пати» дискотекасына қатысты. Сонымен қатар, Сабантой қала жағалауындағы «Сабантой тарихы – өткені және бүгіні» көрмесімен және татар этносының салт-дәстүрлерімен таныстыратын «Татар үйі» экспозициясымен жалғасты. 

_MG_0008.JPG

Онда Жастар алаңы Ворк аут және Пара-Пауэр-Лифтинг жұмыс істеді. «Чак чак» аспаздық шеберлік байқауы ұйымдастырылды. «Татарча куреш» сайысының ең мықты және шыдамды жеңімпазына бас жүлде – қошқар табысталды. Қала алаңында үлкен қазандарда өз ісінің шеберлері дайындаған палау фестивалі өтті.

_MG_0132.JPG

Back to the list