Сайрам ауданындағы бас қосу

Сайрам ауданындағы бас қосу

Версия для печати

2015 жылғы 25 желтоқсанда Сайрам ауданындағы Ақсукент көпсалалы колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын халық арасында насихаттау мақсатында облыстық Ассамблея жанынан құрылған ақпараттық – насихаттық топ мүшелері жергілікті халықпен кездесу өткізді.

2015 жылғы 25 желтоқсанда Сайрам ауданындағы Ақсукент көпсалалы колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын халық арасында насихаттау мақсатында облыстық Ассамблея жанынан құрылған ақпараттық – насихаттық топ мүшелері жергілікті халықпен кездесу өткізді.
Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, жергілікті халық, жастар қауымы қатысты.
Кездесу модераторы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов болды.
Іс-шара барысында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е. Байқонақов, Сайрам аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы П.Исламов баяндама жасаса, Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры, республикалық «Мерейлі отбасым» конкурсының жеңімпазы К.Қуатбекова, Сайрам аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ж.Рүстемов, Сайрам аудандық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары И.Турки өз пікірлері мен тілектерін жеткізді.
Сайрам аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жидебай ақсақал өз сөзінде :«Президентіміздің «Мемлекет болу үшін әр отбасында ынтымақ, бірлік болуы керек», - деген сөзін естен шығармауымыз керек. Ақиқатта, таудың баласы тауға қарап өседі. Құдайға шүкір, қазіргі жастарымыз телеарналардан Елбасымыз қашан сөйлейді екен деп күтіп отырады, бұл жаман емес. Болашақта кім боласың деп сұрай қалсаң, Президент боламын деп, сондай болуға талпынып, ұқсап баққан жастарымыз өсіп келеді. Елбасымыз 2050 стратегиялық жоспарын бекер айтқан жоқ. Біз әр күні 2050 жылға дейінгі жететін жетістіктерімізді айтқан сайын, ол періштелердің құлағына шалынып, Алланың әмірімен сол күнге жетеміз», - деді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов: «Әрбір жыл сайынғы Президент Жолдаулары Қазақстанның мемлекет ретінде қуатын арттыра түсетін басты мақсат-мұраттарға негізделіп жасалады. Олардың әрқайсысы өзіндік бір мақсаттарға бағытталып, белгілі бір жүйемен және оларды жүзеге асыру талаптарымен нақтылы құрылады. Елбасы: «Дағдарыстың бәрі өткінші, өтеді де, кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі» - деді. Ендеше, басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен түсіністікті, ел тәуелсіздігін сақтау ісіне бір кісідей ат салысып, барлық күш-жігерімізді жұмсайық», - деп кездесуді қорытындылады.

Back to the list