Семей: Студенттер арасында мемлекеттік тіл мен Абай шығармасына арналған байқау өтті

Семей: Студенттер арасында мемлекеттік тіл мен Абай шығармасына арналған байқау өтті

Версия для печати

Семейдегі М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай орыс тілде білім алатын топтар арасында «Мемлекеттік тілді білу - парызым!» атты байқау ұйымдастырылды. Оған 1-3 курс студенттерінен құралған 4 топ қатысты.

4 кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы кезеңінде қатысушы топтар өздерін таныстырса, студенттердің қиялын дамытуға, мемлекеттік тілде ойларын еркін жеткізуге бағытталған кезеңде түрлі тақырыптарда жарнама үзілісі көрсетіді.


Байқаудың «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде Абай Құнанбайұлының шығармаларын мәнерлеп оқып, карточкаларда жасырылған ситуациялық тақырыптардың негізінде диалог орнатып, рөлдік ойындарын көрермен назарына ұсынды.

Әділ-қазылар алқасының шешімі бойынша І орынды «Бес асыл» тобы жеңіп алса, ІІ орын «Жалын», ІІІ орын «Сұңқар» топтарына бұйырды. Сонымен қатар «Тіл білгірі» аталымы бойынша алғыс хаттармен марапатталған Виктория Лепешкина, Дарья Титкова, Яна Кирьянова сынды студенттер байқау барысында белсенділік танытып, мемлекеттік тілде өз ойларын еркін жеткізе білді.


Back to the list