Семейдегі Достық үйінде Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж бастау алды

Семейдегі Достық үйінде Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж бастау алды

Версия для печати

Семейдегі Достық үйінде «Айша бибі» қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен Абайдың өлеңдеріне арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Орталықтың өкілдері ұлттық салт-дәстүрге сай ұлттық киімдерге киініп дөңгелек үстел айналасына жайғасып, Абайдың әндерін шырқады, өлеңдері мен шығармашылығы туралы ой қозғады.

Абайдың 175 жылдығына арналған бұл шара Семей Достық үйінің этномәдени орталықтары арасындағы тартыстың басталуы болды, дейді ұйымдастырушылар.

Кеш соңында қазақ мәдени орталығының басшысы Айман Бокбасарова эстафетаны казак мәдени орталығының жетекшісі Александр Губановқа тапсырды.

 


Back to the list