ШҚО: «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбындағы пікірталас сайысы

ШҚО: «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбындағы пікірталас сайысы

Версия для печати

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойы аясында Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында жастар арасында «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында пікірталас ойыны өтті.

Оған гуманитарлық колледж бен Д. Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университеттің студенттері қатысты. Барлығы 4 топ өзара сайысқа түсті. Жастар өз ойларын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеткізді. Сайыс барысында топтар тұщымды дәлел мен дәйектер келтіріп, тақырыпты жан-жақты ашты.

Сайыс соңында Д. Серікбаев атындағы жо,арғы оқу орнының студенттері алға суырылып шығып, жеңімпаз атанды. Әділқазылар жеңімпаз топтарды дипломдармен марапаттап, ерекше көзге түскен пікірсайысшыларды атап өтті.


Back to the list