ШҚО: Студенттер көшбасшы болудың қыр-сырын игеруде

ШҚО: Студенттер көшбасшы болудың қыр-сырын игеруде

Версия для печати

Өскемендегі Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында жастарға «Көшбасшы бол» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинарға қатысқан Экономика және қаржы колледжінің студенттері ерекше ынта танытты. Шешен сөздің мамандары оларға түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті.


Мысалға Равиль Юнусов жастарға олардың қоғамдағы рөлі, көшбасшылық қабілетті дамытатын әдіс тәсілдер туралы егжей-тегжей айтып берсе, Вера Правдина шешен сөйлеудің қыр-сырымен бөлісті. Әлеуметтік желінің маманыАйзада Бибулова SMM-технологиялары туралы қызықты ақпаратпен бөлісті.


Жиналғандар одан бөлек волонтерлік қызмет туралы сөз қозғап, оның жан-жақты дамудағы оң әсерін тілше тиек етті. Өзгеге қол ұшын созудың маңыздылығын түсінген жастардың басым көпшілігі ҚХА волонтерлер қатарына қосылуды жөн көрді.

Семинар «Сұрақ-жауап» форматында аяқталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Back to the list