ШҚО: Музей мен кітапхана қызметкерлерінің арқасында казактар туралы тың тарихи деректер жарияланды

ШҚО: Музей мен кітапхана қызметкерлерінің арқасында казактар туралы тың тарихи деректер жарияланды

Версия для печати

Өскеменнің Достық үйі–Қоғамдық келісім орталығында «Сібір казактарының тарихы мен өмірі, мерекелері» атты ғылыми конференция өтті.


Іс-шараға жиналғандарға казактардың өмірі мен тарихынан, дәстүрінен қызықты деректер келтірілді. Шығыс Қазақстан облыстық мұражайы мен кітапханасының қызметкерлері тарихи кітаптар және құжаттармен бөлісіп, бағалы экспонаттарды ортаға жайып салды. Семей, Өскемен қаласындағы ұлы казак тұлғаларының ерен еңбектері баяндалды. Бұл казак этносы үшін өте бағалы сәттердің бірі болды. Себебі олар ата-бабаларының тарихын біліп, тың ақпаратпен сусындады.


Облыстық этнографиялық мұражайының қорында сақталған Алтайдан (қазіргі ШҚО Катон-Қарағай ауданы) табылған Покров шіркеуінің заттары қатысушылар назарына ұсынылды. Одан бөлек казак әндерінің шығу тектерімен танысып, «Товарки» фольклорлық ансамблінің өнерін тамашалады.


Жиын соңында «Жоғарғы Ертіс казак қоғамының» атаманы Виктор Шаронов Сібір казактары туралы тың ақпараттарды білудің маңыздылығын жеткізіп, казактардың тарихы мен мәдениеті жолындағы зерттеу жұмыстары жалғасын табатынын тілге тиек етті.


Back to the list