Өскемен: Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік онлайн концерт

Өскемен: Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік онлайн концерт

Версия для печати

Өскемен қаласындағы Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы айтулы мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнін жаңа форматта атап өтті. @kogamdykelisim.shko инстаграм парақшасының тікелей эфирінде «Qazaqstan – beibitshilik pen kelisim besigi» атты онлайн-концерт ұйымдастырылды.


Салтанатты шараны ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова қашықтықтан құттықтау сөзімен бастады. Онлайн-концертте аудандық Достық үйлерінің өнерпаздары да өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Тіпті, Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктері қолдау білдіріп, ән шашуларын арнады. Бұл жаңа технологиялардың қарыштап дамығанының дәлелі. Концертті онлайн жүргізген жүргізушілер де өздерін тың бағытта сынап көріп, жоғары дәрежеде мерекені өткізуге атсалысты.


Алғаш рет айтулы мерекені онлайн тамашалаған көрермендер күмбірлеген күй мен ұлттық әндерден сусындап, құлақ құрыштарын қандырды. «Вайнах» хореографиялық ансамблінің жарқын биіне тәнті болған көрермендер ізгі алғыстарын білдірді.

Back to the list